ЕРТЕГІСІЗ ӨСКЕН БАЛА РУХАНИ МҮГЕДЕК АДАМ БА?
Болкенбаева Гульмира Толеубевна
№76 ЖББОМ Қарағанды қаласы
Ертегі – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге, ләззат береді. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады. Ертегі – адамның рухани азығы..[1]
Бүгінгі таңда ертегі оқып, тәрбие беретін ата-аналардың азайып бара жатыр. Осы мәселе жұмысымыздың өзектілігін айқындайды. Мақсаты: Ертегіге қанып өскен баланың артықшылықтарына тоқталу.
Міндеттер:
1)Ертегінің пайдасына тоқталу;
2) Балалар кітапханасында зерттеу жүргізу;
3)Ертегі жайлы Бауыржан Момышұлының ойын талдау;
4) Төл ертегіміз бен заманауи ертегіні салыстыру;
5) Авторлық ертегімізді талдау;
6)Қазіргі бала тәрбиесінде ертегінің орнын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |