Тақырыбы: 1-4 сынып оқушыларына арналған ертегілер және олардың әсері



бет1/3
Дата16.02.2023
өлшемі19,52 Kb.
#169060
  1   2   3
Байланысты:
№5 Арт технологиялар Юсупова
1, Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары, «Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері» Мақсаты-melimde.com (1)

Пәні: Мектепалды даярлықтағы Арт-технологиялар


Орындаған: Юсупова Макпал Ришатовна
Тексерген: Байназарова Турсынай Бейсембековна

Тақырыбы: 1-4 сынып оқушыларына арналған ертегілер және олардың әсері


1-4 сынып оқушыларына арналған ертегілер және олардың әсері
Ертегі балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсерленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегіде ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрды ғажайыптың бейнелеуші құрал ретінде қолданылады. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.
Ертегінің мақсаты:Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді.
Құрылымы:Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады
Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақта,ол белгілі бір сюжетке құралады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табуымен аяқталады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі мазмұны терең, тілі бай, тақырыбы әр алуан болып келетін саланың бірі – ертегілер. Ол атабабаларымыздың ұзақ жылдар бойы жинаған асыл қазыналарының ең көне түрі болса да, осы күнге дейін өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде маңызын жоймаған жанрлардың бірі. Табиғат күштерін қайткенде басқару жайын, әлемде туындап жатқан сансыз құбылыстардың мәнін қалай ұғыну жағдайын адамзат бағзы заманнан бері арман еткен. Еркін еңбекті, әділдікті, бақытты көксеген. Ш. Уәлиханов қазақ ертегілеріндегі басты кейіпкерлердің жағымды-жағымсыз қылықтарын ажырата білуге, әдемілікті бағалап, өмірдегі келеңсіз құбылыстардан жиренуге үндейді. Ертегінің мазмұнға бай екендігін ескертеді. Ондағы Батыр, Жезтырнақ, Алып секілді көптеген кейіпкерлердің өзіндік рөлін ажырата білуге шақырады.
Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты
1.Қиял-ғажайып ертегілері,
2.Түрмыс-салт ертегілері,
3.Хайуанаттар туралы ертегілер,
4.Шыншыл ертегілер болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет