Қорытынды Ертегіні тыңдай отыра біз кейіпкерлермен бірге қуанамыз, ренжиміз. Мысалға алсақ бұрынғы ауыз әдебиеті қиял ғажайып ертегілерде батырларды ержүрек ақылды парасатты етіп көрсетсе, жан – жануарлардың бейнесін әр түрлі образбен сомдап көрсеткен. Қазіргі таңда жаңа технология дамыған заманда балалардың қиялынан тек қана робот машиналар немесе тоботтар деген қиял ғана туады. Олай дейтін себебім телеарналардан көбінесе шетелдік ертегілер көрсетіліп жұр.Ал қазақ ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді. Ертегілерді оқи отыра, біз өзіміздің ішкі әлемімізді дамытып,шығармашылыққа машықтанамыз. Ертегілер өмір барысында тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді .