Қиял-ғажайып ертегілер
Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыста тас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар».
Тұрмыс-салт ертегілері
Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы, озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа, сюжеттері бір бағытта болып келеді. Тұрмыс-салт ертегілерде қойшы малшы, бақташылардың тұрмысы суреттеледі. Бұл ертегілердің өзіне тән ерекшелігі-өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор ертегілер жатады.
Хайуанат жайындағы ертегілер
Ал хайуанат жайындағы ертегілер ата - бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм - қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.Адам баласы өзінен өзге жанды, жансыз дүние, әсіресе айналасындағы хайуанаттардың тіршілігі, өмірі жайлы танып білуге талпынған талай аңыз ойлар, әңгімелер айтып таратқан. Қазақ елі де көп заманнан бері мал мен даланың аңы, құсымен үнемі көп араласып, келе жатқандықтан, хайуанаттар жайлы әр алуан ертегі әңгіме шығарған. Хайуанат жайлы ертегі барлық елде бар. Хайуанат жайындағы әңгіме аңыздардың екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез-қылықтарын хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа бейне, тұспал, мысқыл есебінде қолданған. Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып жиіренішті етіп көрсету үшін, сондай сын арқылы жаманшылық пен алысу үшін мысал етіп алу болған. Хайуан мінездерін әңгіме етудің екінші түрі – хайуанды анық хайуан етіп суреттейді. Оның жанды-жансыз дүние арасындағы өз қалпы, кейпімен жүрген шындығын, болмысын адам өз түсінігі арқылы анықтап, айқындап жетілте өткірлеп көрсетеді. Жан-жануарлар туралы ертегілері барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері: қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр қасқыр. Бұл топқа «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене», «Аю, түлкі және арыстан», «Қоянның зары», «Күшік пен мысық» т.б. ертегілер жатады.
Қазақ халқының адамгершілік іс-әрекеті негізінен ол көшпенділік өмір салтына, үнемі өз жерін шапқыншылардан қорғау барысында, көршілес халықтармен қарым-қатынастарда қалыптасады.
Біздің халық момындықты, бой ұсынушылықты, бейбітшілікті құрметтейді. Оқу және тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны байиды. Оқыта отырып өскелең ұрпақты тарихи шежіре, яғни ертегі-аңыз, жаңылтпаш, жұмбақтарды жете түсінуге үйретеміз.
Ертегінің тілінде жеңіл сөз, желдіршелі фразалар жоқ. Оқиға басынан –ақсылбыр, баяндалады. Оның мақсаты – асықпа, оқиға жеңіл емес, ауыр әңгіме ұзаққа созылады дегенді білдіру болса керек.
Ертегінің лексикасы мен синтаксисі халықтық ойлау тілінің байлығына негізделген. Тілі біздің дәуірімізге бұзылмай, шұбарланбай жеткен.
А. Байтұрсынов қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.
Ертегінің алатын орнының ерекшелігі де соған саяды. Келемеждеу, күлкіге ұшырату, мазақтау арқылы бай-шонжарларды дәріптесе, керісінше, асқан зиялы мәртебесін арман- мақсатпен ұштастыра отырып жағымды образ жасайды. Онда әрине, мейірімді де ақылы көп, адамгершілігі бар адам. Оның әрбір басқан қадамы үлкен сақтықты қажет етеді. Дегенмен де соңында бақытқа жетіп баян болады.
Сондай-ақ жағымды образдардың бірі – Қожанасыр. Қожанасыр әңгімесін айтушы елдер ол жайындағы естіген сөздерін ғана айтумен қанағат қылмай, әр кезде Алдар көсе, Жиренше сияқты өз тұстарынан қосымша, үстеме әңгімелерді де жамап, молайтып айта берген. Сонымен Қожанасыр жайындағы әңгімелердің ұшы-қиыры жоқ. Күлкіні заң етіп алып Насыр әңгімесіне талайды мазақ етеді. Ертегі арқылы үлкен жүректі, адамгершілігі мол, зор еңбекті жемісті образ көзге елестейді. Оқушыларға ертегінің тартымды болуы да содан. Ертегі арқылы жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық айыра алатын болады.
Мәселен, «Етікші» ертегісінде бала-шағасы көп болған, кедейліктен тұрмысы ауыр болған етікшінің отбасын өзінің адал еңбегі, яғни етік тігу арқылы аз ғана табысымен күн көріп еңбектенуі балаларды жалқаулықтан арылуға, әрқашан да тынымсыз еңбектің соңы бақытқа жеткізетінін көрсетеді. Мұнда мақсатқа талпынушылық, ерік, күш-жігер сияқты дара мінез бітістері шыңдала түседі.
Ал, «Ер Төстік» ертегісінің мазмұнында кездесетін Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар, Қырағы балаларды достыққа, бауырмалдылыққа, кенеттенездескен қиындықтарды бірге отырып жеңе білуге, өжеттілікке тәрбиелейді. Осыған байланысты жеке дара мінез бітістері ұштала түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |