Отырысында қарастырылды және мақұлданды



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата26.09.2024
өлшемі0,92 Mb.
#205156
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Python программалау тілі

 
Массивтің типтері 
Енді программалауда пайдаланылатын массивтердің негізгі түрлерін 
қарастырамыз. Массивтер өлшемінің төмендегідей түрлері бар: 

бірөлшемді; 

екіөлшемді немесе матрица; 

үшөлшемді және т.б. 
Практикада үшөлшемді массивтер сирек қолданылады. Үшөлшемді массивтерге 
оқулық немесе кітап мысал бола алады (1-ші индекс – кітаптың беттері десек, 2-
ші индекс – беттегі жолдар, ал 3-ші индекс – жолдағы әріптер болады). Бірден 
көп өлшемі бар массивтерді 
көпөлшемді 
(екіөлшемді, үшөлшемді массивтер 
және т.б.) деп атайды. 
Орындалған программа 
нәтижесі 


11 
Python программалау тілінде көпөлшемді классикалық массивтер жоқ. Дегенмен 
осы платформаның негізгі ерекшеліктері көпөлшемді тізімді 
(list) 
құруды 
жеңілдетеді. 

Python программалау ортасында массивті жариялау 
Массивті жариялау үшін, массивтің атауын және айнымалылардың типін көрсету 
керек. 
Мысалы, 
массивті 
float
типімен жариялайық: 
import array as arr
a = arr.array('f')
 
Python программалау ортасында массивті иниyиализаyиялау 
Біз массивті жариялағаннан кейін оны өз программамызда пайдалана аламыз
егер оны инициализацияламаған болсақ (оның элементтеріне бастапқы мән 
бермесек), оның ешқандай пайдасы болмайды. Массивті инициализация- лауды 
бірнеше жолмен орындауға болады.
Мысалы, 
int
деп жариялағанда: 
numbers_array = arr.array('i', [7, -5, 9, 1, 0,
-2, 4, 3, 6, 8])
nu
mbers_array
массивінде 10 элемент бар. Массивтің өлшемін len() функциясын 
қолдануарқылы табуға болады:
len(numbers_array)
Егер бастапқыда 9 өлшемді массивтің барлық элементтері бірлік 
болса, онда циклді қолданамыз:
import array as arr
b = arr.array('i')
for i inrange(0,9):
b.append(1)
Массивті былай да беруге болады:
b = arr.array('i',[10, 20,42])
Python программасындағы жүйелілік индексі нөлден басталады. Теріс 
индекстер элементті кезектің соңынанбастап көрсетеді (–1 – соңғы 
элемент).
Мысалы:
 
>>> s = [1, 2, 3, 4, 5]
>>> print s[0], s[2], 
s[-1] 1 3 5 
Бір өлшемді массивтермен жұмыс істегенде,белгілі бір шарттармен 
элементтерді іздеу қажет болады. Бұл элементтердің жиынтығы 
арасында ең үлкен немесе ең аз элементті(максимум, минимум) табу, 
оң немесе теріс, жұп немесе тақ сандардың қосындысын есептеу бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет