Өткен тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі де ұлттың тілі



Дата22.12.2021
өлшемі19,18 Kb.
#127488
Байланысты:
ШЫҒАРМАЛАР


Мен қазақпын

Әр халықтың қазынасы, баға жетпес байлығы ол – ана тілі. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Ата-бабаларымыз сан жылдар арман еткен, аңсаумен өткен тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі де – ұлттың тілі.Қазақстанымыз тәуелсіздік алғалы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып, жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, өрістеп келеді. Оған Елбасымыздың өзі ерекше ықылас танытып, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп, қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де тиісті дәрежеде қолданылуы үшін бар жағдайдың жасалуы қажеттігін қадап айтып келеді.Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қолданылу аясын кеңейтуге барлық қазақстандық мүдделі, ал қазақ тілін оқып-үйренудің қажеттілігін еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп партасында отырған шәкірттеріміздің сезінуі көңіл қуантады.Соңғы жылдары елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеруге деген ықылас арта түсуде.
Солардың ішінде біздің И. Шухов атындағы мектеп-гимназиясында білім алатын өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін жетік мең¬геріп жүрген шәкірттеріміздің қатары жыл санап көбейіп келеді. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі екінші орынға ие болған 11 сынып оқушысы Акулина Лилияны ерекше мақтан етеміз. Мемлекеттік тілге деген қызығушылығы атасы мен әжесінен оянған Лилияның мектептегі қазақ тілін терең үйренуге деген ұмтылысы зор. Лилия ата-әжесі, әкесінің татар, ал анасының шуваш ұлтынан екенін мақтан етеді, ал өзінің сүйіп жатқа оқитын шығармасы Тұманбай Молдағалиевтің «Қазақ деген халықтың баласымын» атты өлеңі:
Қазақ деген халықтың баласымын,
Ағы менен көзінің қарасымын.
Халқын мақтан ететін өр жерлерде,
Салтын сақтап жүретін бабасының...
Мұның себебі, өлеңде айтылатын ата- бабамыздан бойымызға сіңген дархандығымыз, үлкенге сен деспеуіміз, кішіпейілдігіміз бен қонақжайлығымыз, сыпайылығымыз сияқты қасиеттердің Лилияның болмысына жақындығынан болар.


Мен - қазақпын!

Жер бетінде қанша ұлт болса да, дәл қазақ болып дүниеге келгенім үшін жаратқанға сансыз шүкіршілік етемін. Бұл сөздеріммен өзге ұлт өкілдерін кемсіткім келмейді. Бар болғаны текті елдің текті ұрпағы болғаным үшін сансыз шүкіршілік етемін.  Қыз болсам да, батыр-бағландардың ұрпағымын. Киелі де қасиетті Райымбек бабамның найзасының ұшы тиген ауылда дүниеге келгенмін. Құнарлы топырақтың қасиетінен айналуға әлі күнге дейін бармын. Себебі, адам баласына тектілік пен жүректегі мейірім, ақыл мен сана, ең алдымен, осы топырақ арқылы келеді.

Ең бастысы, 62 тамырымның бойымен осы батыр бабаларымның қаны ағып жатыр. Санам жаһандану салдарынан мәңгүрттеніп кетсе де, жүректегі махаббатыммен, тамырымдағы күш-қайратты ешкім менен алып қоя алмайды. Иә, өресі биік елдің алғашқы адымдары да нық болмақ. Небәрі 25 жыл ішінде адам айтса нанғысыз жетістіктерге жетіп, көптеген мемлекеттік көзайымына айналып, өзімізді өзгелерге тыңдата алып отырғанымыз көпке аян. Жыл сайын елдің ішкі жағдайы жақсарып қана қоймай, өзге мемлекеттерді татуластыру үшін де қадамдар жасап отырмыз. Осының өзі бір қазақтың ұлының арқасы емес пе? Ал әлем ғалымдарын таңқалдырған тазалығымыз ше? Жүрек иілгенмен, алдымен, жөн сұрасып, қос ғашықтың елдерін білуге ұмтылатыны тағы бар. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының өзінде тәлім-тәрбие жетерлік. Қай жағынан алып қарасам да, қазақ болып туғаным үшін қуанамын. Болашақта тек қазақтың ұлымен көңіл жарастырып, халқымның қатарын саналы ұрпақпен толықтырсам екен деймін.

 

Мен - қазақпын

Мен - қазақпын! Қазақ даласының баласымын! Ол - менің мақтанышым, айбыным!

Талай заман бойына ата-бабаларымыз күшін сарп, өмірін құрбан етіп, ел мен жерді қорғап, бізге аманат етті. Осы бір өлкеде бір отбасыдай ынтымағы жарасып жүзден астам ұлт өкілі, он алты миллионнан астам адам тұрып жатыр. Әр тілде сөйлеп, әр дінді ұстанатын осынша халықтың бір мемлекетте тату-тәтті тұрып жатқанына таңданамын да. Ол бір-біріне деген жылы қатынаспен ғана емес, бауырмалдықпен де қатар жүреді. Елімізде қазақ, орыс, түрік, ұйғыр, неміс, кәріс, татар тілдерінде кітаптар мен газеттер басылып, ұлттық театрлар, эстрадалық ансамбльдер жұмыс істеп, радио мен теледидарларда ұлттық бағдарламалар жүргізіліп жатады.

Әр ұлттан құралған біздің бәріміздің басымызды біріктіретін - ортақ Отанымыз. Мұнда қазақтар да, татарлар да, орыстар да, кәрістер де бар. Бәріміз үшін бұл жер туған жерімізге айналған. Ынтымақ пен бірлікке деген талпыныс әр ұлттың қанынан табылады, әсіресе, оны қазақтардан байқай аламыз. Қазақ жері қаншалықты кеңпейіл, жомарт болса, қазақ халқы да - соншалықты қонақжай әрі кеңпейіл. Осында тұратын барша адамға қазақ тілін, тарихын, салт-дәстүрін білу парыз.

Қазақстан - тәуелсіздігін алғанына жиырма жылдан енді асса да, үлкен мүмкіндіктерге толы мемлекет. Оның дамуы қарқынды түрде жүруде. Қазір біз бала болсақ та, әлден болашаққа жоспарлар құрып, мемелекетіміздің дамуына септігін тигізер үлкен азамат болсақ деген арманмен өмір сүреміз. Сабақты жақсы оқып, мейірімді әрі кеңпейілді болып, үлкендерді құрметтеп, кішілерге ізет көрсетіп, көп нәрсені үйреніп, адамдардың қайғы-мұңына жанашырлық танытып, көмектесе білуіміз керек. Себебі бұл игі қасиеттің бәрі біздің елбасымыздың бойынан табылады.

Біз тыныш та тату өмір сүруімізге жағдай жасап жатқаны үшін елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты құрметтейміз. Әрине, әр түн сайын ұйқыға жатарда ертең аман-есен оянатынымызға, болашағымызға еш қауіп жоқ екенін сезініп, сенеміз. Өмірде одан басқа адамға не керек? Жер бетіндегі тыныштық пен бейбітшілік - әр адамның ең басты тілегі мен қалауы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет