«Химия және денсаулық» ойынының сұрақтары
Дене қызуын төмендететін кең таралған дәрі
Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент
Сүйекті қаптайтын элемент
Терінің қышыма ауруына қарсы жасалатын майдың құрамының басым бөлігін құрайтын химиялық элемент
5 ℅ спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылатын элемент
Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент
Медицинада рак ауруларын емдеу мақсатында сәулелік ванналарда қолданылатын инертті газ
Пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам бассүйегіндегі
саңылауларды жабуға қолданылатын элементтер
Химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз ететін элемент
Ауатамыр демікпесімен ауырған адамдарға тыныс алуға пайдаланылатын элемент
Медицинада ұйқы келтіретін, ауруды басатын препараттар алатын және эпилепсидің кейбір түрлерін емдейтін элемент
Ісік ауруларын емдеуде қолданылатын элемент
Қан аздығы ауруын тудыратын элемент
Адам ағзасының 60-65 ℅ құрайтын сұйық зат
Бұл заттың 0,9 ℅ ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады, адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылатын қосылыс
Медицинада қақырық түсіруге арналған дәрі –дәрмектер жасауда кеңінен қолданылатын қосылыс
Есінен танған адамға алғашқы көмек ретінде қолданылатын сұйықтық
Жансыздандырғыш зат ретінде медицинада кеңінен қолданылатын,“Күлдіргіш газ” деген атпен белгілі қосылыс
Түссіз газ, таза күйінде өте әлсіз, Әдетте сезіле қоймайтын сарымсақ иісі бар. Адам дем алғанда сезіле қоймағанмен өте күшті у, алдымен қанды сосын жүйке жүйесін, бұлшық етті зақымдайтын қосылыс.
Суық тиген тамырдан жіберілетін, медицинада“ыстық укол” деген атпен белгілі бейорганикалық қосылыс
Адамның қай ағзасында секундына 100000 химиялық реакция жүреді
Тіс тазалайтын пастаны жасауда қолданылатын қосылыс
Гемоглобин молекуласының құрамына қандай элемент кіреді
Жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысатын элемент
«Бақшаңкөз» ауруын тудыратын элемент
Адамның дене қызуын өлшейтін құралдағы сұйық металл
Дұрыс пайдалансаң емдейді, бұрыс пайдалансаң мүгедек етеді
Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар
Қан тамырларының тарылуын төмендетуге, зәр және өт айдағыш зат ретінде қолданылатын тұз
Медицинада дезинфекциялайтын, антисептикалық және қан тоқтататын зат ретінде қолданылатын халық арасында «марганцовка» деген атпен белгілі қосылыс
Органикалық химияда катализатор ретінде, ал медицинада қатерлі ісіктерді емдеуге қолданылатын элемент
Медицинада рентгендік кабинеттерде, электршам даярлауда, реклама түтіктерін жасауда қолданылатын элемент
Адам ағзасына витаминнің жетіспеуі терминологияда қалай аталады?
Көздің көру қабілетін жақсартуға көмектесетін витамин
Белокты денелерде 17℅,ал адам организмінде 3 ℅ болатын элемент
Адам ағзасында қандай элементтің жетіспеуінен иіс және дәм сезу қызметтері бұзылады?
Достарыңызбен бөлісу: |