Өткізген: Тарих пәнінің мұғалімі Ыбырай Г.Қ. 2015-2016 оқу жылы Ерліктің, еркіндіктің туы – Абылай Мақсаты



бет2/7
Дата28.01.2018
өлшемі3,18 Mb.
#34078
1   2   3   4   5   6   7

1-жүргізуші: XVII ғасырдың 30-жылдары Батыс Монғолияда жоңғарлардың ескери-феодалдық мемлекеті құрылды. XVII ғасырдың 40-жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді. Қазаққа қарсы Еділ бойындағы қалмақтар да ел тонау жорықтарын бастады. 1723 жылдан басталған қазақтардың босуы "Ақтабан шұбырынды" деп аталады.

Көрініс

Төрде Төле би, қасында 1-2 ақсақал. Есіктен үсті басы алба-жұлба, шашы сабалақ-сабалақ, бірақ көзі отты, сөзі өткір бір бала кіреді.



Бала: Асалаумағалейкум, биеке!, - деп сәлем беріп, анадай жерге отырады, астына биіктеу етіп шапанын бүктеп қояды, өзі қыран бүркітке ұқсайды.

Төле би сынай қарап: Қай баласың, аты-жөнің,

Барма еді әке-шешең, аға, інің?

Адам болсаң — хан текті, құста — сұңқар,

Байқасам, келіседі соған түрің.

Құс болсаң, ақ сұңқардың балапаны,

Адам болсаң қазақтың нағыз ханы.

Шырағым, Төремісің, Қарамысың,

Жөніңді бастан аяқ айтшы қане?



Бала: Атым да, жөнім де жоқ бір баламын,

Дәм айдап тентіреген бейшарамын.

Әке-шешем, ел-жұртым, туғаным жоқ,

Атымды сіз қойсаңыз құп аламын.



Төле риза болып: Ендеше, "Сабалақ" болсын сенің атың,

Сөзің пысық, жауабың берген батыл.

Қой жайсын, байқармыз одан әрі,

Сынақтан өтіп жатса мұның затын.



Сабалақтың мойына қоржын іліп, қолына таяқ ұстатып, шығарып салады.

Теле би: Артынан бақыландар баланың бұл,

Келбеті ақсұңқарға ұқсап ол тұр.

Түбінде сыннан өтіп білінер бұл,

Тұқымы екендігі асыл тектің.





2-жүргізуші: Сөйтіп Әбілмансұр Төле бидің қойын, жылқысын бақты, түйешісі болды. 18 жасында Төле бидің Сабалақ аталған түйешісі көп қолмен қалмаққа қарсы аттанады. Бөгенбай 80 жасында қалмақтың батырымен жекпе-жекке шықпақшы болады. Әбілмансұр Бөгенбайдан рұқсат сұрап қарсы шығады. Осы ұрыста қалмақтарды ойсырата жеңеді. Осы жеңістен соң "Абылай" аталады.

6-окушы: Сабалақ "Абылай" деп ұран салды,

Найзаны майыстырған жұлып алды.

Құлаштай сарбестіге қамшы басып,

Ағындап шауып келіп, кезек алды.



7-оқушы: Көз жетпей, сене алмай тұр көрген пенде,

Қалмақтың басы түсті әуел жерге,



Мұқыл терек секілді дене қалды,

Дулыға жерге түсіп, жарқ еткенде.

8-оқушы: Әкеліп қасқа атты да ханға берді.

Кім сыйламай тұрады мұндай ерді.

Батырларды қасына ертіп алып,

Қалмаққа тобын жазбай, қайта кірді.



Көрініс

Сахнада хан тағында Әбілмәмбет отыр.



Әбілмәмбет: Шырағым   неге   шаптың Абылайлап?

Босады жүйкем қатты ағамды ойлап,

Әкең кім? Ел-жұртың кім, туғаның кім?

Жөнінді бастан аяқ айтшы жайлап.



Сабалақ: Жан аға, қазақ-қалмақ ерегесі,

Мұндайда ердің қозар делебесі.

Қысылған соң аузыма түсіп кетті,

Абылай — атам, мен оның немересі.

Шын атым — Әбілмансұр әкем қойған,

Өз әкем шабындыда басын жойған.

Сұрасаң, әкем аты — Уәли хан,

Дариға-ай, кез кеткен соң шығады ойдан.



Әбілмәмбет: Қарағым, анықсың ба Әбілмансұр?

Сағынып жүруші еді сүлдерім құр.

Бір баланың қалғанын естуші едім,

Әбілмансұр екенің түрінде тұр.



Әбілмәмбет Әбілмансұрды құшақтап көріседі.

Әбілмәмбет: Жамағат, тақ иесі осы емес пе?

Өздерің көрдіңдер ғой қылған ісін.

Халайық, әкесі еді мұның хандық,

Тәңірім жаратыпты артық жан ғып.

Мен дағы қартайып ем, еріншектен,

Шүкір енді, тағыңа ие болып өзің қалдың.



Абылайды таққа отырғызады, халық үстіне шапан жауып, басына хан қалпағын кигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет