Қазақ ханы Абылай 18 жасында Абылайлап жауға шапса,Қаз дауысты Қазыбек би бала кезінде жоңғар қонтайшысын сөзден жығып,дүйім жұртқа әйгілі болған екен.Шығыстың қос қарлығашы Әлия мен Мәншүк 20 жасында өшпес ерлік көрсетті.Даңқты Серік Қонақбаев 20 жасында олимпиададан күміс медалін жеңіп алды.Ал Есенгелді осындай киелі Шалқар топырағынан шыққан,дүниені дүр сілкіндірген сонау Чехословакия,Греция шаһарларынан күміс медалін арқалап қайтқан біздің мектебіміздің мақтанышы .
«Сүйер ұлың болса сен сүй,сүйенерге жарар ол» деп Абай атамыз айтқандай сүйер ұлымыз Есенгелдінің аяулы анасына Есенгелдідей ұлға қайсарлық пен жігерлікті бойына сіңіріп,елдің баласы етіп тәрбиелеген аналық парызыңызға қашанда бас иеміз деп алғыс айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |