Құрметті қонақтар,оқушылар!Бүгінгі кездесу кеш Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері,ҚР-сының жасөспірімдер,жастар,ересектер арасындағы бірнеше дүркін чемпионы,КСРО чемпионаттарының ересектер арасындағы күміс жүлдегеріЧехословакия 1991 жылы әлем кубогінің ересектер арасындағы күміс жүлдегері,Греция қаласында жеңісін бағындырған Батырғарин Есенгелді Мұхамбетшәріпұлына арналады.
Грециядағы жиналған ел табынып,
Болған жоқ кешегі жеңіс әлі ұмыт.
Өнеріңе сүйсінген халқың тұрып,
Періште ұлы Есенгелдіні еске алайық сағынып.
(Бір сәт еске алу)
Батырғарин Есенгелді ағамыз мектебіміздің шәкірті.Сондықтан осы мектеп қабырғасында өткен өмірімен фото шежіре арқылы таныстырып өтейік.Үшінші бетте грек-рим спорт үйірмесіне қатысып жүрген кезі.Мен оқушыларға мәңгілік өлмейтін ерлік еткен Абылай хан,Абай Құнанбаев,Шоқан Уәлиханов,Тұрар Рысқұлов,Бауыржан Момышұлының секілді ірі тұлғалар қазақтың даңқын асырып,артында ғибрат алар ұрпаққа талай із қалдырса,құйрықты жұлдыздай ағып өткен Есенгелдінің ғұмыры да сондай өнегелі екенін түсіндірдім.Көкөрім шағында дүниені тамсандырған саңлақтарымыздың тарихына үңілсек,мұндай бейнелер көптеп табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |