Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат Оқу мақсаттары:
кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
есеп шығаруда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану
Теориялық материал Электр тогын мөлшерлік сипаттау үшін ток күші деген арнайы физикалық шама енгізіледі.
Өткізгіштіӊ көлденеӊ қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерініӊ (зарядтыӊ) сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды.
Амперметр - ток күшін өлшейтін құрал. Жұмыс істеу принципі токтыӊ магниттік әрекетіне негізделген. Амперметрді ток күшін өлшейтін құралмен тізбектеп қосады.
Тізбектіӊ берілген бөлігіндегі заряд бірлігініӊ орын ауыстыруы үшін токтыӊ атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шаманы осы бөліктіӊ электр кернеуі деп атайды.
Өткізгіштіӊ ұштарындағы кернеуді өлшейтін құралды вольтметр деп атайды.
Өткізгіштіӊ қандай да бір екі нүктесініӊ арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Құралды осылайша жалғауды параллель жалғау деп атайды. Вольтметр - параллель жалғанады.
Тәжірибе барысы 1) Темірден жасалған өткізгішті қосамыз:
Бұл кезде тізбектегі ток күші 3 А ге теӊ болды.
2) Мыстан жасалған өткізгішті қосамыз:
Бұл кезде тізбектегі ток күші 1 А ге теӊ болды.
3) Никельден жасалған өткізгішті қосамыз:
Бұл кезде тізбектегі ток күші 0,5 А болды.
Бұл тәжірибе бойынша, тізбектегі кернеу тұрақты болған кезінде ток күші тізбекке қосылған өткізгіштіӊ қандай материалдан жасалғанына тәуелді екендігіне көз жеткіздік.
Қайсы өткізгіштіӊ токқа көп кедергі жасады? Никельден жасалған өткізгішті тізбекке жалғағанда ток күші еӊ аз 0,5 А болды. Бұл тәжірибеден никель өткізгіштіӊ кедергісі көп деген қорытындыға ие боламыз.
Бұл кедергі қайдан пайда болады?
Біз білеміз металдарда ток тасымалдайтын бөлшектер еркін электрондар болып табылады. Еркін электрондар қозғалыс кезінде металдыӊ кристалдық торындағы оӊ иондармен соқтығысады. Бұл кезде электрондардыӊ реттелген қозғалысыныӊ жылдамдығы азаяды, демек уақыт бірлігінде электрондармен тасымалданатын заряд азаяды, яғни ток күші азаяды.
Әр түрлі өткізгіштер токқа әр түрлі кедергі жасайды, өйткені олардыӊ кристалдық торларыныӊ құрылысы әр түрлі.
Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштіӊ кедергі жасау қасиетін сипаттайтын физикалық шама кедергі деп аталады.
Кедергініӊ өлшем бірлігі - Ом.
Өткізгіштіӊ ұштарындағы кернеу 1 В болғанда, 1 А ток өтетін өткізгіштіӊ кедергісі 1 Ом деп қабылданған.
Мысалы, салыстыру үшін 1 Ом бұл ұзындығы 5 км шамасында болған трамвай линиясыныӊ кедергісі болу мүмкін.
Ток күшініӊ өткізгіш кедергісіне тәуелділігі:
Шам қосылған тізбектіӊ токқа кедергісі көп болады, сондықтан шамға қосылған батарея заряды көпке жетеді.
Шам қосылмаған батарея тез разрядталады, өйткені оныӊ токқа жасайтын кедергісі аз.