Өткізілу Форматының түрі: онлайн-видеоконференция Өтетін платформа



бет2/8
Дата28.01.2022
өлшемі100 Kb.
#115332
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
19). 08.02.2021 Короновирустың Қазақстан Республикасының экономикасына әсер еткен факторлары сынып сагаты

"Қазақстанның экономикасы қазір бұрын-соңды болмаған дәрежеде талықсуға ұшырап отыр. Ағымдағы жылдың жеті айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі 2,9%-ға азайды. Бұл дүниежүзілік қаржы дағдарысы белең алған 2009 жылдың екінші тоқсанында көрініс берген құлдырау шыңынан да артық. Осы мерзімде екі рет локдаун болуына байланысты бұл көрсеткіш тіптен артады деген болжам бар", – дейді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ вице-президенті Олжас Төлеуов.


Егер ЖІӨ-нің ай сайынғы өзгерісін алатын болсақ, сәуір айында біршама құлдырау байқалған. Олжас Төлеуовтың мәліметінше, көрсеткіш өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 8,3%-ға құлдырады. Бұдан кейін Қытай, АҚШ, Европа елдеріндегідей v-пішіндес қалпына келу байқалған. Алайда карантинді екінші мәрте жариялағаннан кейін, Қазақстандағы экономикалық белсенділік сәуір айындағыдан да әжептәуір құлдырады. Шілде айында бұл 11%-ды құрады. Тамыз айында бұл құбылыс одан әрі жалғасады деп күтілуде. Соның салдарынан енді v-пішіндес қалпына келуді күтудің қажеті жоқ. Ең жақсы дегенде экономика WW траекториясымен қалпына келеді деп болжанып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет