3. Байқауға қатысушылар
9. Байқауға облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары - республиканың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Қатысушылардың жасы: 2020 жылға 1 маусымына 13-17 жас.
10. Қатысушылардың жалпы саны – 170 адам (9 білім алушы және 1 жетекші).
11. Байқауды өткізу орнына дейінгі жету кезіндегі, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезіндегі балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен анықталған топ жетекшілеріне жүктеледі.
Әрбір топ қатысушысы Байқауды өткізу орнына дейін жету кезінде, Форумды өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде өз заттарының қауіпсіздігіне жауапты.
12. Топ жетекшісінің өзімен бірге болуы тиіс:
1) мынадай құжаттардың көшірмелері:
білім алушылардың және топ жетекшілерінің Байқаудың облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы кезеңдерінің өткізу қорытындысы бойынша Байқауға қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқармасы басшысы бұйрығы;
қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың тақырыбы, топ жетекшілерінің аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, ұялы телефондары) көрсетілген өтінімдері;
қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары (куәлік/паспорт) немесе туу туралы куәлігі;
2) дәрігердің қолымен және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтама;
3) білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталған қатысушының фотосуреті бар оқу орнынан анықтама;
4) қатысушылардың ата-аналарының нотариалды расталған сенімхаттары.
13. Әр облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының делегацияларының айырым киім элементтері: галстуктері, кепкалары, бейсболкалары, төсбелгілері, сондай-ақ жеке гигиена заттары болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |