Өткізу ережелері Жалпы ережелер


«Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы 15 жас)



бет9/11
Дата27.07.2020
өлшемі37,48 Kb.
#75620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
менин Отаныма ереже

8. «Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы 15 жас) – мәдени мұраны сақтау және жаңғырту;

шығармашылық әлеуетті және әр түрлі өнер түрлерін дамыту, бос уақыттың жаңа түрлерін құруға ықпал етуге бағытталған жобалар байқауы.



9. «Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы (қатысушылардың жасы 16 жас)

барлық этностардың мәдени өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, азаматтарды қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне тарту;

Қатысушылар киіз үй элементтері бейнеленген атақты мәдениет және сәулет нысандарын көрсете алады. Сонымен қатар, киіз үй элементі бейнеленген болашақ нысандардың жобаларын әлем үлгісі ретінде ұсына алады. Әлемнің бейнелі-тұжырымдамалық үлгісі мен киіз үй құрылысының арасындағы тығыз байланыс пен параллельді негіздеуге бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.

Жобаны қорғау уақыты – көрнекілік материалдарын (макеттер, модельдер, бейне және т.б.) пайдалана отырып, 7 минутқа дейін. Аталған номинациялар бойынша шығармашылық жұмыстарды орындау әрбір делегация үшін міндетті шарт болып табылады. Әр номинацияға қатысу міндетті. Бір қатысушы бір жобадан ұсынады.

17. Шығармашылық жобаларды бағалау өлшемдері:

1) жобаның байқау шарттарына сәйкестігі;

2) шығармашылық жобаның әлеуметтік тиімділігі – шешілетін әлеуметтік мәселенің өзектілігі және жобаның маңыздылығы;

3) жобаның міндеттері бойынша іс-қимыл жоспарының болуы;

4) жобаны іске асыру үшін қажетті шарттарды сипаттау (жеке, материалдық-техникалық, ақпараттық);

5) әлеуметтік мәселелерді шешудегі жаңашыл көзқарас;

6) жобалау кезінде заманауи инновациялық технологияларды, нысандарды және әдістерді пайдалану;

7) болжамды нәтижелердің сипаттамасы (болжамды нәтижелердің шынайылығы және жобаның болашақтағы дамуы: жергілікті деңгейдегі нақты аудиторияның жоба бойынша сұранысы);

8) зерттеудің жаңалығы, жұмыстың практикалық маңыздылығы, автордың жеке үлесі;

9) жұмыстың ресімделуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет