Өткізу түрі: Лекторий, пікір-талас Әдіс-тәсілі: Тренинг жаттығулары, топтық жұмыс кеңес. Көрнекіліктер



бет3/4
Дата04.11.2023
өлшемі54,04 Kb.
#189701
1   2   3   4
Байланысты:
Ата - ананың рөлі атты тәрбие сағаты

4. Жаттығу. Ата - ананың балаға қаншалықты көңіл бөлуін анықтайтын әдістеме 
Сұрақтар
1. Мен балама өз балалық шағымды айтып отырамын ;
2. Баларыммен сирек ойнаймын ;
3. Менің балам әрдайым маған өз сырын айтуға дайын ;
4. Басына түскен қиындықтарымен менімен бөлісетіне сенімдімін;
5. Мен ойлаймын, кез - келген баланың ісіне үлкен мән беру керек себебі, оның барлығы ұйымшылдыққа тәрбиелейді;
6. Айына екі рет баламмен бірге қыдырамын ;
7. Егер менің балам үй тапсырмасын орындауға көмек сұраса, мен көмектесуге әрдайым дайынмын ;
8. Баламның қандай оқулықтарды сүйіп оқитынын жақсы білемін ;
9. «3» немесе «2» баға алса, міндетті түрде жазалаймын ;
10. Баламды мақтау үшін әрдайым сылтау іздеймін ;
11. Бірге сырласып, әңгімелескенді жақсы көреміз ; 
12. Кейде мен уақытымды, тек балаға ұрысуға ғана жұмсайтын сияқтымын
13. Әрқашан баламның басынан сипап, құшақтаймын;
14. Менің дауыс ырғағым тек бұйырып, қатаң сөйлеу ;
15. Балаларыммен бірге үйге берілген тапсырмаларды орындауым керек, себебі, олар өз еріктерімен орындамайды;
16. Баламның қандай арманы бар екенін жақсы білемін ; 
17. Басқа біреудің балаларын немесе өзімді өнеге тұтамын ;
18. Балам ашуланып бір нәрсе бүлдірсе, міндетті түрде жазалаймын ; 
19. Оқыған кітаптарды немесе көрген киноны бірге талқылаймыз ;
20. Үйдегі келеңсіз жағдайларды балаларыма айтып отырамын ;
21. Мен ауырғанда немесе шаршағанда балам оны сезеді және көмектеседі ;
22. Менімен бірге жие болғанды жақсы көретінін әрқашан айтып жүреді; 
23. Баламмен сөйлескенді өте жақсы көремін ;

Қорытынды: әр түстерді жеке - жеке санап, әр түске бір ұпайдан беріледі. Әр түстің өз ұпайларын санаймыз. Жасыл- жоқ ; сары – кейде; қызыл- иә

Жасыл түсті шаршылар: 
А) 0 - 5 ұпай аралығында - балаңызға сіздің көңіл бөлуіңіз жетіспейді. Әрдайым жұмыстан қолыңыз тимейді бірақ, бала сіздің көңіл бөлуіңізді күтеді. Балаға көп көңілдің саны емес, сапасы маңызды. Жұмыстан кейін тамақ әзірлеудің үстінде немесе ыдыс жуып тұрып балаңызбен сөйлесіңіз. 

Б) 5 - 10 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлінбейді. Тек тамақтандырып, киіндіріп және күнделікті қарау, ол көңіл бөлінген болып есептелмейді. Балаңыздың ішкі жан - дүниесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн. 


В) 10 - 15 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлесіз. Балаңыз сізге әбден сенеді және арқа түзейді. Барлық қиындықтарда сіздің алып шығатынына үлкен сеніммен қарайды. Болашақта жеке тұлға ретінде жақсы азамат болып өсуіне кепілдік береді. 

Сары түсті шаршылар: 


А) 1 - 4 ұпай аралығында - сіздің балаңызға көп көңіл бөлінеді. Мүмкін ол көп те шығар. Ойланыңыз, балаңыздың бос уақыты жеткілікті ме? Мүмкін оның келеңсіз жағдайларын сіз шешетін шығарсыз? Осылай қалыптаса берсе, баланың жеке тұлға болып өсуі тоқтатылады, балаңыз кейбір жағдайларды өзі шеше алмай, өзіне деген сенімін жоғалтып, сізге тәуелді болып қалуы мүмкін. 

Б) 5 - 9 ұпай аралығында – мүмкін сіз жасыл шаршылардан да осындай ұпай жинаған шығарсыз, ол балаңыздың сізден өзіне деген көңіл бөлетінін күтеді. Балаға күнделікті үйдегі жағдайларда көбірек көңіл бөліп, оның өзіндік пікірлерін тыңдап, ақылдаса біліңіз. 


В) 9 - 13 ұпай аралығында - сіздің көңіл бөлуіңіз балаға өте қажет. Егер де сіз жұмыстан қолыңыз тимесе, күнделікті әр бос минутыңызды балаға арнауға тырысыңыз. Уақытында балаңызды мақтауды, басынан сипауды ұмытпағаныңыз жөн. Уақыт өте келе сіздің балаңызбен тіл табысуға қиындық туғызуы мүмкін. 

Қызыл түсті шаршылар: 


А) 0 - 2 ұпай аралығында - сіздің отбасында барлық жағдайлар жақсы: балаға жеткілікті көңіл бөлінеді. Баланың өзіне - өзі бағалауы дұрыс қалыптасқан. 

Б) 2 - 4 ұпай аралығында - сіз балаға өте қатал қарайсыз немесе сіз балаға көп көңіл бөлмейсіз. Сондықтан, ол сізді өзіне қарату үшін әр түрлі жағымсыз істер жасауы мүмкін. Кез - келген нәрселерге ұрса бермеңіз. Баланы көбірек қолпаштап, келесіде барлығы жақсы болатынына сендіріңіз. 

В) 4 - 8 ұпай аралығында – Балаға үнемі ұрсып, ақыл айтқандықтан балада да тәрбие саласы бойынша дәл осындай пікір қалыптасқан. Сондықтан бала әрдайым сізді ашуландырып, айқайлауыңызды күтіп тұрады. Өзіңізді өзгертуге тырысыңыз, Ешқандай себеп болмаса да, баланы көбірек мадақтауға, басынан сипап жай сөйлесіп үйреніңіз. Дәл осылай қалыптаса берсе, күнделікті үйдегі айқай - шу азайып, балаңыздың сабағы да жақсарып, ара - қатынасыңыз дұрысталғандығыңызға көзіңіз жетеді. Жай сөйлесіп, түсіндірудің сізге де, балаға да жақсы қасиет екенін ұмытпағаныңыз жөн. 
5. Бала тәрбиесіне байланыстты бейне ролик қаралады ол талқыланады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет