Өтпелі кезең



Дата08.02.2022
өлшемі17,27 Kb.
#98177
Байланысты:
Семинар 8.1


Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары
Өтпелі кезең – КСРОыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезең тәуелсіз әрқайсысында түрліше болды.Қазақстан Өтпелі кезеңді 1989-1995 жылдары өтті.Рессей 1990 – 1999 жылдары бастан кешірді.Ал олардың ең құлдыраған кезі – тиісінше 1994 және 1992 жылдары Экономикалық реформа социалистік лагерьге кірген мемлекеттерден:Польшада 1990 жылы жасалды.Венгрия мен Словения 1991 – 1992 жылдары жасалды.Ал КСРО құрамында болған Қазақстанда шын мәнінде мұндай реформа 1994 жылы басталды. Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институц. дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан постсоциалдық елдерде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс ушыға түсті.Ал кейбір елдерге Азиялық дағдарыс та әсерін тигізді.Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді.1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді.
1994 – 1994 жылдары агроэөнеркәсіп, Металургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Сонымен қатар әлеуметтік дағдарыс та күшейді. Тауар тапшылығы өсіп, бағаның күрт жоғарылауы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді, еңбекақы, әлеуметтік төлемдеудің мөлшері тым азайып кетті, оларды уақытында алу үлкен мемл. мәселеге айналды. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Атап айтқанда, классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991-1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастап экономикалық өрлеуге бет бұрды.Өтпелі кезеңде экономиканың нарықтық бағыты айқындалып, ырықты экономиканы қалыптастыруға күш салынды. Нәтижесінде макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрлі институттары мен инфрақұрылымдарын, тетіктерін қалыптастыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар республикаға ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер тобы пайда болды. Олар сауда бизнесінің орнына өндіріс пен ауыл ш. салаларында кәсіпкерлікті дамытты. Өтпелі кезең тұсында ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономика даму бағытын қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет