Жаратылыстану «Жануарларға күтімді қалай жасау қажет?»
М: Балаларды жанды табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасауға қатыстыру. Қолынан келгенше еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. Құрдастарының жауаптарын тыңдай білуге жəне жануарларға қамқорлық жасай білуге тəрбиелеу.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы:«Кең -тар.Жоғарыда- төменде»
М:Заттар тобын ені бойынша салыстыру ұғымын қалыптастыруды жалғастыру; кең- тар; заттардың орналасқаның аңықтау, жалғастыру жоғарыда; төменде. Құрастыру. Тақырыбы: «Пингвиндер»
М: табиғи материалдарды пайдаланып, пингвиндерді жасай алуға үйрету оларды мазмұн бере орналастыру, ой-қиялын дамыту. Табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білу дағдыларын меңгерту.Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Сурет салу. Тақырыбы: «Теңіздегі кит»
М: Бояуды дұрыс таңдауға,суық және жылы түстерді ажырата білуге,ұқыпты жұмыс істеуге үйрету. Қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын меңгерту
Әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.