Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) туберкулезге қарсы диспансер (бұдан әрі - ОТҚД/ҚТҚД) (аурухана) облыстағы туберкулезге қарсы қызметтің жұмысын үйлестіретін, медициналық ұйымдар мен халыққа туберкулезге қарсы ұйымдастыру-әдістемелік, практикалық және консультациялық көмек көрсететін мамандандырылған диагностикалық және емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.
ОТҚД/ҚТҚД жанынан облыстық/қалалық орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ООДКК/ҚОДКК) құрылады.