ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы оқытушыларға арналған тәжірбиелік сабақТЫҢ



бет4/5
Дата24.04.2017
өлшемі0,98 Mb.
#14659
1   2   3   4   5

1.Тақырып №11: Тыныс алудың реттелуі

2.Оқу сағаттарының саны- 2 сағат

3.Тақырыптың маңыздылығы:

Қан құрамындағы тұрақтылығы ең қатаң костанталардың бірі болып есетелінеді, ол гемостатикалық қызмет жүйесімен бақыланады. Зат алмасуы (метаболизм) үшін оттегі (О) мен көмір қышқыл газының оптимальды құрамы пайдалы нәтижелер болып есептеледі. Орталық жүйке жүйесініңғ шеткі бөлімдері арқылы гуморальдық механизмдермен іске асырадлы.



Дидактикалық мақсаты:

Тынысалудың жиілігі, тереңдігі оттегінің адамға қажет мөлшеріне және қандағы көмір қышқыл газ деңгейіне сәйкес өзгеріп отырады. Бұл сәйкестілік жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Демді ішке алу, шығару, тынысалу еттерінің жиырылуы арқылы іске асырылатыны белгілі. Тынысалу еттерін жиырылтатын жүйке нейрондары жұлын мен ми құрамына кіреді: диафрагмалық жүйке нейрондары жұлынның ІІІ- ІV мойын сегментінің алдыңғы ашасында, ал қабырғалық еттердің жүйке жасушалары жұлынның көкірек сегментерінде орналасқан. Егер жұлын мен мидың түйіскен жерін кесіп тастаса, тынысалу тоқтайды. Ал жұлынның сопақша мимен байланысын бұзбай, оны мойын бөлімі мен көкірек бөлімінің түйіскен жерінен көлденең кессе, диафрагма еттері бұрынғысынша жиырыла береді, мұның арқасында тынысалу тоқтамайды, бірақ қабырғааралық еттер тынысалу үрдісіне қатыспайды. Демек, бұл тәжірибелер тыныфсалу ми мен жұлын арқылы реттелетінін көрсетеді. Адам өз еркімен тынысын жиілете және терңдеп алады, тіпті біразға дейін тоқтата да алады. Бұл да тынысалу үрдісін реттеуге ми, әсіресе ми қыртысының қатысатынын көрсетеді. Тынысалу орталығының қызметі қандағы газдар мөлшеріне байланысты екені көптен белгілі. Қандағы оттегінің мөлшері азайса (гипоксия) немесе көмір қышқыл газ деңгейі артса (гиперкапния) тынысалу жиілейді. Мұны гиперпноэ дейді. әдетте ересек адам минутына 16-20 рет дем алады (эйпноэ).

Егер қанда көмір қышқылды газ азайса (гиперкапния) тынысалу сирейді, тіпті тоқтап қалады (апноэ). Кеңірдекті қысып, біраз уақыт дем алмай қойса (асфиксия) гиперкапния мен гипоксемия үрдістері үдейді де адам жиі-жиі әрі терең дем алады, яғни диспноэ пайда болады.

Сабақ өтілетін орын:

Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426



Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:

а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.

б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.

в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.



Тестер :

*Тыныс алудың өзiндiк рефлекторлық реттелуiн Геринг-Брайер рефлексiн қамтамасыз ететiн импульстер ...келiп түседi.

| альвеолалардың механорецепторларынан, проприорецепторлардан+

| қан тамырлардың механорецепторларынан, проприорецепторлардан

|мұрынның шырышты қабығының рецепторларынан, қаңқа бұлшықеттердiң

проприрецепторларынан

|сопақша мидың хеморецепторларынан және iшкi мүшелердiң интерорецепторларынан

| қаңқа бұлшықеттердiң проприорецепторларынан және вестибулорецепторларынан

~ Артериалық қандағы О2 кернеуi ...тең.

| 100 мм с.б.+

| 80 мм с.б.

| 60 мм с.б.

| 40 мм с.б.

| 20 мм с.б.

~ Альвеолярлы ауадағы көмiрқышқыл газының кернеуi ...тең.

| 38- 40 мм с.б.+

| 100- 102 мм с.б.

| 60- 68 мм с.б.

| 40- 48 мм с.б.

| 30- 28 мм с.б.

~ Кезеген жүйкені кесiп тастаса тыныс алу...

| дем алу және дем шығару ұзарады.+

| өзгермейдi.

| баяулайды.

| тоқталады.

| жиiлейдi.

~Тыныс алу бұлшықеттердi иннервациялайтын мотонейрондардың аксондары …орналасқан.

| жұлында+

| қыртыста

| гипоталамуста

| Варолий көпiрiнде

| сопақша мида

~ Тыныс алудың гуморальды реттеуi ...тәжiрбиемен дәлелденген.

| Фредерик+

| Сеченов

| Дуглас

| Ван- Слайк

| Холден

~Тыныс алу орталығына басқа орталықтардың компоненттерiне... кiредi.

| тыныс шығару мен тыныс алу, пневмотаксис+

| механорецепторлар, диафрагма

| қабырға аралық бұлшықеттер, пневмотаксис

| қыртыстық және кезеген жүйкелер

| тыныс шығару,мотонейрондар

~ Артериалық қандағы О2 пайыздық көлемi ... тең.

| 18-20+

| 1- 8


| 10- 14

| 24- 300

| 39- 40

Қолданылған әдебиеттер:

1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.

2. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ.

Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.

3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.

4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.

5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.

6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.

7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.

8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.

9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.


1.Тақырып №12: Сыртқа шығару мүшелерінің физиологиясы.

2.Оқу сағаттарының саны- 2 сағат

3.Тақырыптың маңыздылығы: сыртқа шығару ағзаларының негізгі қызметтерін және қасиеттерін оқып үйрену.

Дидактикалық мақсаты:

Зат алмасу үрдісі пайда болған қалдық заттарды сыртқа шығарумен аяқталады. Ккүрделі диссимиляция (ыдырау) үрдістері нәтижесінде денеде зат алмасуының ең соңғы өнімдері- «қалдық зат» пайда болады. Шлак организмде пайданылмайды, ал қор болып жиналып қалса оны уландырады, әсіресе белок алмасуы барысында түзілетін мочевина, несеп қышқылы, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар өте улы келеді. Олар сондай-ақ көмірсу мен май алмасуының соңғы ыдырау өнімі- көмір қышқылы мен су. Адам мен жануарлардың сыртқа шығару мүшелері; бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі.

Белок алмасуы кезінде пайда болатын қалдық заттар, су, тұздар және сырттан келіп түскен әртүрлі организмге жат заттар (түрлі дәрілер,бояулар) негізінен бүйрек, аздап тер бездері арқылы, ал су мен көмір қышқылды газ, эфир, хлороформ, алкоголь сияқты кейбір ұшқыш заттар өкпе арқылы сыртқа шығады. Сыртқа шығару тіршілікке өте қажет физиологиялық үрдіс. Онсыз тіршілік жоқ. Сыртқа шығару үрдісі бұзылса, көптеген физиологиялық үрдістер бұзылады. Солардың бірі –уремия, белок алмасуыфның соңғы ыдырау өнімдері(мочевина, несеп қышқылы) жиналып қанға өтеді де организмді уландырады.

Бүйректің негізгі қызметі- несеп түзу. Несеп түзілуі, оның сыртқа шығару үрдісі диурез деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен судың мөлшеріне байланысты. Әдетте, ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мл( орта есеппен 1500 мл) несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болды: олигурия- тәуліктік диурездің азаюы; полиурия- тәуліктік диурездің көбеюі, анурия- несеп түзілуінің тоқтауы.



Сабақ өтілетін орын:

Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426



Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:

а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.

б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.

в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.

8.Тестер :

~ Шумақты сүзгi қалыпты жағдайда әйелдерде...тең.

| 110 мл/мин+

| 50 мл/мин

| 80 мл/мин

| 135 мл/мин

| 150 мл/мин

~ Тәулiк iшiнде түзiлген алғашқы несеп мөлшерi...тең.

| 170-180 л+

| 50-60 л

| 70-80 л

| 90-110 л

| 130-160 л

~ Тәулiкте бөлiнетiн несептiң мөлшерi... тең.

| 1000- 1500 мл+

| 500- 750 мл

| 2500- 3000 мл

| 4000- 5000 мл

| 5500- 6000 мл

~ Генле iлмегiнің төмен түсетiн бөлімінде ..., жоғары кететін бөлімінде ... қайта сорылады

| су, натрий+

| калий, натрий

| глюкоза, натрий

| мочевина, су

| натрий, су

~ Судың қайта сорылуын қамтамасыз ететiн...гормоны.

| антидиуретикалық +

| глюкагон

| соматотропин

| паратгормон

| инсулин

~ Бүйрек қызметiн зерттейтiн мөлшерлiк әдiстеріне...жатады.

| бүйректегi қан ағуын, секреция, сүзiлу, реабсорбция мөлшерiн анықтау+

| Зимницкий пробасы, сүзiлудi анықтау, Фольгард әдiсi, электрофизиологиялық

| электрофизиологиялық,сүзiлу,реабсорбция,секреция анықтау

| радиоизотопты, Зимницкий пробасы, электрофизиологиялық, Фольгард әдiсi

| Фольгард әдiсi, тазалану коэфициентi, секреция және бүйректегi қан ағу мөлшерiн анықтау

~ Тым қышқыл несеп... пайда болады.

| тым жоғары дене шынықтырудан кейiн, еттi тамақ жегеннен кейiн+

| өсiмдiк текті тамақ жегенде, дене шынықтырудан кейiн

| сүттi-өсiмдiктi тамақ жегенде, су қабылдағанда

| тұзды тамақ, жидекті сок iшкенде

| дене шынықтыру мен жидек тамақ жегенде

~ Соңғы несептiң алғашқы несептен айырмашылығы...болады.

| глюкоза мен белоктар болмайды, сульфаттардың концентрациясы өте жоғары+

| глюкоза мен мочевиеа болмайды, сульфаттардың концентрациясы жоғары

| глюкоза мен креатин болмайды, сульфаттардың концентрациясы төмен

| тұздардың концентрациясы жоғары, гдюкоза мен сульфаттардың концентрациясы төмен

| глобулин мен пенициллин пайда болады, фосфаттардың концентрациясы төмендегенде

.Қолданылған әдебиеттер:

А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.

2. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ.

Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.

3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.

4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.

5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.

6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.

7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.

8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.

9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.
1.Тақырып №13: ІСБ және оның маңызы.

2.Оқу сағаттарының саны- 2 сағат

3.Тақырыптың маңыздылығы:

Ішкі секреция туралы ілім-эндокринология физиологияның тамаша жетістіктерінің бірі. Ішкі секреция деп бездің секретінің тікелей ішкі ортаға-қанға, лимфаға жұлын сұйықтықтарына түсуін айтады.

Ақпараттық- дидактикалық блок:

Ағзаның өсуі, дамуы, зат алмасуы процесстері гормон арқылы реттеледі.

Гомондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпаларға, ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:

1. Метаболитикалық ұлпалардың өсуіне өзгеріске (метаморфозға) әсері;

2. Морфогенетикалық ұлпалардың өсуіне өзгеріске (метаморфозға) әсері;

3. Кинетикалық орындаушы ағзалардың активтілігіне немесе тежеуші әсері;

4. Ұлпалар мен ағзалардың қызмет қарқынын өзгертуге әсері;

Гормондар химиялық құрылымына биологиялық қасиеттеріне байланысты 3 класқа бөлінеді.

1. белоктық – пептидті қосылымдар (инсулин, глюкоген, соматотропин т.б.);

2. Стереоидтар (бүйрекүсті безі қабығының және жыныс безі гормондары);

3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер – адреналин, норадреналин). Гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады, олар вегетативтік жүйке жүйесінің тамырларымен торланған. Кейбір ішкі секреция бездері баланың эмбриондық дамуы кезінде қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың эмбриондық дамуы кезінде қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың дамып, жетіліуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әр түрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты болады. Ішкі секреция бездерінің дамуында ең ертедифференциацияланып, қызмет атқара бастайтын бездер – эпифиз, Лангерганс аралшалары және бүйрек үсті бездерінің кейбір жері. Ал, балалық шақта және жыныстың жетілу кезеңінде қалқанша безінің қызметі күшейеді.

Бүйрек үсті бездерінің қызметі екі рет күшейеді;

- біреуі ұрықтың шақта;

Екіншісі жыныстың жетілу мерзімінде;

Гипофиздің соматотропин гормонының белсенділігі жыныстың жетілгенге дейін күшті. Ішкі секрециялық бездерінің ішінде ең кеш дамитыны жыныс бездері. Олардың дамуы алдында гипофиздің гонадотроптың гормондарының қызметі артады. Сонымен, нейрогормональдық реттеу алдымен өсуді, бала денесінің дамуын және сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді де, кейінірек ұрпақ жалғастыру қызметін дамытады. өсіп келе жатқан ағзада ішкі сөліністік бездердің қызметі өзгермелі келеді.

Сабақ өтілетін орын:

Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426



Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:

а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.

б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.

в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.



  1. Тестер :

~ Қалқанша маңы бездерiнiң гормонына...жатады.

| паратгормон+

| тирокальцитонин

| инсулин

| глюкагон

| альдестерон

~ Паратгормонның қанға бөлiнуi ...тудырады.

| кальцийдiң жоғарылауын+

| кальций төмендеуiн

| амин қышқылдарының жоғарылауын

| амин қышқылдарынын төмендеуiн

| фосфордың жоғарылауын

~ Бүйрек үстi бездерiнiң қыртыс қабатын алып тастағанда...байқалады.

| су-тұз алмасуының бұзылуы+

| ақуыз алмасуының бұзылуы

| май алмасудың бұзылуы

| көмiрсулар алмасуының бұзылуы

| витаминдер алмасуының бұзылуы

~ Ас қорыту жүйенiң гормондарына ...жатады.

| вилликинин, бомбезин, секретин, мотилин+

| гастрин, секретин, АКТГ, ФСГ

| вилликинин, бомбезин, тироксин, мелатонин

| АКТГ, бомбезин, ФСГ, секретин

| мотилин, адреналин, тироксин, гастрин

~ Iшкi секреция бездерiн зерттеу әдiстерiне... жатады.

| клиникалық-анатомиялық-морфологиялық, биохимиялық, транслантациялық, шартты рефлекстiк+

| фистуламен, экстирпациямен, белгiленген атомдармен, биохимиялық

| изотоптық, биохимиялық, полифистулалық сәулелендiру арқылы

| изотоптық, биохимиялық вивидиффузиялық, кесу арқылы

| парабиоздық, трансплатациялық, вивидиффузиялық, сәулелендiру арқылы

~ Альдостерон әсерiне...жатады.

| нефрон түтiкшелерiндегi Na реабсорбциясын күшейту және суды ұстау+

| шумақтық фильтрацияны күшейту және нефрон түтiкшелерiндегi К- реабсорбциясын күшейту

| нефрон тутiкшелерiндегi Na реабсорбциясын тежеу және суды ұстау

| шумақтық фильтрацияны тежеу және нефрон тутңкшелерiндегi Na реабсорбциясын тежеу

| судын реабсорбциясын кушейту және нефрон тутiкшелерiндегi Na тежеу

| реабсорбциясын тежеу

~ Менструалды циклды бақылайтын гормондарға ...жатады.

| ФСГ, эстрогендер, ЛСГ, прогестрон+

| меланотропин, андрогендер, ЛСГ, прогестрон

| СТГ, ФСГ, прогестрон, эстроген

| ФСГ, глюкагон, СТГ, паратгормон

| ФСГ, инсулин, прогестрон

~ Әйелдердiң жыныстық гормондарына... жатады.

| эстрон, экстрол, эстрадиол+

| паратгормон, серотонин, тирокальцитонин

| серотонин, экстриол, брадикинин

| тироксин, экстрон, тестотерон

| тестотерон, тироксин, серотонин

~ Инсулин...

| гипогликемия тудырады, клеткалармен глюкозана пайдалануын жоғарлатады, гликогеннiң бауырда, бұлшықетте глюкозадан синтезiн тудырады.+

| жасуша мембранасында глюкоза өткiзгiштiгiн жоғарлатады, гипергликемия тудырады, бауыр жасушаларында гликогенолиз тудырады, гликонеогенездi тежейдi.

| амин қышқылдары мен глюкоза өтуiн төмендетедi, глюкоза гликогенге айналуын тежейдi, гипергликемия тудырады.

| гликогенездi күшейтедi, глюкоза тотығуын күшейтедi, кетондық денелердiң түзiлуiн азайтады.

| ақуыздардың катаболизмін азайтады, гипергликемия тудырады, глюкоза мен амин қышқылдарына жасуша мембранасының өткiзгiштiгiн жоғарлатады.

~ Қалқанша бездiң гормондық қызметiн …күшейтедi.

| симпатикалық жүйкелер, тиротропин, адреналин+

| кезеген жүйке, тиротропин, йод иондары, адреналин

| кортикостероидтар, вагус, норадреналин

| адреналин, сомастатин, кезеген жүйкелер

| норадреналин, гонадотропиндер, глюкагон

Қолданылған әдебиеттер:

1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.

2. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ.

Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.

3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.

4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.

5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.

6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.

7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.

8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.

9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.


1.Тақырып №14: ОЖЖ-ның физиологиясы.

2. Оқу сағаттарының саны- 2 сағат

3.Тақырыптың маңыздылығы: ОЖЖ-нің негізгі интегративтік іс-әрекеті өзара байланысты екі процесс қозу мен тежелу болып табылады. ОЖЖ-нің қозуды натрий және калий иондарының жасуша мембранасының өтімділігінің жоғарлауына немесе төмендеуіне байланысты болуы мүмкін. Студенттер қозу мен қатар ОЖЖ-дегі тежелудің физиологиялық рөлінде білу қажет.

Дидактикалық мақсаты:

ОЖЖ денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі- ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі- ойлау,дүниетану, пікір тудыру. Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарға бейімдеп қана қоймай, сол ортаны өз мақсатында лайықты өзгерте алады, өткен-кеткенді талдап, кенлешекті болжайды. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар үрдістерді нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамасыз етеді.

Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінің белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Мәселен, тізе рефлексінің орталығы жұлынның бел омыртқа бөлігінде (сегментінде), зәр шығару орталығы жұлынның сегізкөз бөлігінде, тыныс орталығы сопақша мидың орта шенінде орналасқан. Бірақ бірыңғай қызмет атқаруға бір орталықтың нейрондары ғана емес, сондай-ақ ожж-нің әр деңгейінде орналасқан көптеген басқа нейрондар тобы орталықтар үркері деп аталады. Сонымен орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады.

Сабақ өтілетін орын:

Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426



Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:

а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.

б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.

в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.

Тестер :

~ ОЖЖ қызметiн сипаттаушы негiзгi жүйкелiк үрдістерге ...жатады.

| қозу, тежелу+

| функциональды тыныштық, лабильдiлiк

| қозушылық, рефрактерлiк

| тежелу, тепе-теңдiк

| тепе-теңдiк, парадоксальды

Шартты рефлекстерге... жатпайды.

| тұқым қуалау+

| сигналды сипат

| тұрақсыз рефлекторлы доға

| жеке бастық

| динамикалық

ОЖЖ-дегi объективтi түрде мәлiмет алудың алғашқы үрдісіне... жатады.

| қабылдау, ой тұжырымы+

| елестету, талқылау

| сезу, қабылдау

| түсiну, талқылау

| ойлау, сөйлеу

Ағзаның толық қажуы Сеченов бойынша... дамиды.

| жүйке орталықтарының қозуы төмендеуiнен+

| қанда глюкозаның төмендеуiнен

| метоболизм өнiмдерiнiң жоғарлауынан

| қанның оттектi көлемi төмендеуiнен

| жүйке талшықтары бойымен өткiзгiштiк бұзылуынан


~ ОЖЖ-iндегi тежелудi алғаш рет... ашқан.

| Сеченов И.М.+

| Павлов И.П.

| Анохин П.К.

| Декард Р.

| Шерингтон Ч.


Парасимпатикалық жүйке жүйенiң орталықтары... орналасады.

| сопақша,ортаңғы мида,жұлынның сегiз көз бөлiмiнде+

| сопақша,ортаңғы және аралық мида

| кјпiр аймағында,мишықта,таламуста

| кеуде-бел бөлiмiнде,жұлында,қызыл ядрода

| гипоталамуста,жұлынның мойын бөлiмiнде

~ Жүйке орталықтарының негiзгi қассиеттетiнiң бiрi доминанта, оны ... ашқан.

| Ухтомский А.А.

| Введенский Н.Б.

| Быков К.М.

| Парин В.В.

| Анохин П.К.

~ Рефлекстiң морфологиялық негiзi болып... табылады.

| рефлекторлы доға+

| жүйке талшықтары

| жүйке бағанасы

| нейрон

| нейроглия

~ Сезгiш жолдарды кесiп тастаса жүйке орталықтың тонусы...

| жойылады.+

| жоғарлайды.

| төмендейдi.

| өзгермейдi.

| фазалық түрiнде өзгередi .

~ Рефлекторлық сақина тәрiздi байланысты рефлекторлы доғадан ... байланыс айырады.

| керi+


| тура

| гуморальдi

| креаторлы

| эндокриндi

~ ОЖЖ-iндегi тежелудi алғаш рет... ашқан.

| Сеченов И.М.+

| Павлов И.П.

| Анохин П.К.

| Декард Р.

| Шерингтон Ч.

Қолданылған әдебиеттер:

1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.

2. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ.

Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.

3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.

4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.

5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.

6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.

7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.

8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.

9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.
1.Тақырып №15: ВЖЖ физиологиясы.

2.Оқу сағаттарының саны- 2 сағат

3.Тақырыптың маңыздылығы: Вегетативтік жүйке жүйесінің қызметін терңірек жетік білу, дәрігерлік практикада өзекті мәселелерді шешуге қажетті.

Дидактикалық мақсаты:

Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты денелік және вегетативтік деп екіге бөледі.

Денелік жүйке жүйесі (ДЖЖ) қаңқа еттерімен байланысқан, ол организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл негізінен жануарларға тән қызмет болғандықтан денелік жүйке жүйесін анимальдық деп те атайды. Ал вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалардың қызметін, зат алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді.

ВЖЖ-нің ерекшеліктері:

1. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерден тұратын вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде, ал симпатикалық жүйке жүйесі жұлынның кеуде- бел сегменттердің бүйір ашасында орналасқан.

2. ВЖЖ қос нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын бөлімдерінде, екіншісі шеткі ганглийлерде орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері- ағза ішіндегі интрамуральдық түйіндер, ал симпатикалық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі, оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін, құрсақ қуысында- шапақ тәрізді түйін, шажырқайлық ганглийлер бар. Нейрондардың орталықта орналасқан жүйке талшықтары преганглийлік талшықтар деп аталады. Олар серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді. Екінші нейрондардың жүйке талшықтары серпіністі ганглийден шыққан соң белгілі бір ағзаға апарады, олар постганглийлік деп аталады.

3. Вегетатиытік жүйке денелік жүйкеден әлде қайда жіңішке. Преганглийлік талшығы миелинді, оның диаметрі-3,5 мкм. Постганглийлік талшық миелинсіз, диаметрі 0,5-2мкм. Парасимпаткалық постгангийлік талшықтар өте қысқа болады.

4. Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамданған.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет