1. Тақырыбы: Электрохимиялық әдістер. Электродтар.
Потенциометриялық титрлеу. Потенциометриялық титрлеуде эквивалент нүктесін анықтау
2. Мақсаты: Адам ағзасында өтетін электрохимиялық құбылыстар өте қызық және әлі толық зерттелмеген сала болып саналады. Қаңқа бұлшық еттерінің қозғалысы, жүректің жиырылуы, орталық жүйке жүйесі жасушаларының қозуы және тежелуі, жүйкелер мен импульстердің таралуы электрлік құбылыстарды туғызады. Электрохимиялық процестердің медицинада, биологида, дәрілік заттар технологиясында, металлургияда химиялық өңдірісте үлкен маңызы бар.
Олар қазіргі кезде химиялық заттарды зерттеу мен талдау әдістерінің негізін құрайды.
3. Тапсырмалар:
Потенциометриялық талдау әдісі неге негізделген?
Қандай электродтар индикаторлық деп аталады?
Қандай электродтар салыстырмалы деп аталады. 4.Электр қозғаушы күші дегеніміз не?
Қандай электродтар біріншілікке жатады? Оларға мысалдар келтіріңіз.
Екінші текті электродтар дегеніміз қандай электродтар? Оларға мысалдар келтіріңіз.
Тотығу - тотықсыздану электродтарына жататындар.
Ионалмасу электродтары
Шыны электродын түсіндір.
10. Потенциометриялық титрлеу дегеніміз қандай әдіс?
11.Медицинадағы ионометрияның маңызы қандай?
4. Тапсырманы орындау түрі: реферат,глоссарий, портфолио.
5. Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар :
1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі
2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет
3. Интернетті пайдалану
4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс
6.Тапсыру мерзімі: ІV оқу семестрінің 11-12 аптасы.
7.Бағалауға қойылатын талаптар: рефератты қорғау, глоссарий құрастыру, портфолио жинау және СӨЖ бойынша балымен бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |