Майқы би (Майқы Мәнұлы) XII ғ. соңы -XIII ғ. орта шенінде өмір сүрген. Майқы би атақты би, суырып салма ақын болған. Әкесі Мән. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18 атасының да есімі Майқы болған. Шыңғысханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны әулие деп те атаған, себебі, ол адам тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. «Түгел сөздің түбі бір, тұп атасы Майқы би» деген нақыл бар. Майқы би ұзақ өмір сүріп, 120 жасында қайтыс болды. Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған көптеген қала Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Орта ғасыр қалаларының бірнеше бөліктері болған. Олар мыналар: Шахристан, Рабад, Цитадель. Шахристан қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы. Ал Рабад қаланың қолөнершілер тұратын бөлігі. Ал Цитадель болса, қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер. VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Тараз, Отырар, Сауран, Құлан, Суяб, Мерке, Үзкент, Сығанақ, Испиджаб, Иасы (Түркістан), Баласағұн тағы басқалар. Ал, сәулет өнері орта ғасырдағы түріктер дәуірінде жақсы өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық құрылыстар, мешіттер көптеп салынған. Сәулет өнерінің өркендеуіне Х-ХІІ ғасырларда ислам дінінің енуіне байланысты бірнеше кесенелер тұрғызылды. Мысалы Бабаша хатун кесенесі, бұл кесене Х-ХІ ғасырларда салынған аса қадірлі сәулет өнерінің туындысы. Кесене Тараз қаласының маңында орналасқан. Ал, Айша бибі кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған. Кесене Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл кесене -Қарахан мемлекетінің сәулет өнерінің туындысы. Қарахан кесенесі сол дәуірдің үлкен сәулет өнерінің туындысы. Ол Тараз қаласының маңында орналасқан. Ал, Сырлытам кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда салынған сәулет өнерінің туындысы. Кесене Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар да ірі сәулет өнеріне жатады. Мысалы, Отырар моншасы- XI ғасырда салынған ірі ескерткіш. 9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%) Бақылау сұрақтары: 1. Түркі мәдениетіне араб парсы мәдениетінің ықпалы. 2. «Мұсылман Ренессансы» дәуіріндегі жазба мәдениеттің дамуы. 3. Әл Фараби мұралары. 4. Ислам дүниетанымы бағытында жазылған еңбектер. 5. Ортағасырлық кезеңдегі тарихи ескерткіштер. 6. «Қорқыт Ата кітабы» мен «Оғыз Наме» түркілердің ортақ мұрасы.М.Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі»түркі тайпалары туралы зерттеулер.Ж.Баласағұн «Құтты білік»энциклопедиялық еңбек.А.Иассауи «Диуани Хикмет». «Құмандар кітабы». 1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу. 2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. Қорқыт Ата кітабы» мен «Оғыз Наме» түркілердің ортақ мұрасы.М.Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі»түркі тайпалары туралы зерттеулер.Ж.Баласағұн «Құтты білік»энциклопедиялық еңбек.А.Иассауи «Диуани Хикмет». «Құмандар кітабы». 10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%) 1. Оқушыларды бағалау. 2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. 11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%) Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті. Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер: 1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006. 2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004. 3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
№13- сабақ. 1. Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті. 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория 4. Сабақтың мақсаты: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда ұлттық сана өрлеу үстінде болды.Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс бүкіл халықтық сипат ала бастады.Ұлттық қозғалыстың әртүрлі ағымдары қалыптасып,оның негізгі күші ұлттық интеллигенция болды.ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілдері қалыптасты. *оқыту: мәтінді дұрыс түсініп,саналы оқу машықтарын қалыптастыру; *тәрбиелік: өз халқының мәдениетіне қызығушылығын ояту; *дамыту: қабілеті мен белсенділігін,танымдық қызығушылығын дамыту; 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар. б) оқыту орны: дәріс аудиториясы 6. Әдебиеттер: 1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. 2..Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006. 3.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004. 4.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000. 1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%) а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. б) Сабақтың мақсаты мен міндеті. 7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1.Дәстүрлі қазақ мәдениетінің ерекшелігі. 2. Халық ауыз әдебиеті бай мәдени мұра. 3. Халық ауыз әдебиеті жанрындағы батырлар бейнесі мен жерге деген сүйіспеншілік. 4. Шешендік өнер сөз жауһары.Айтыс өнері.
Достарыңызбен бөлісу: |