VI - X ғасырларда Қазақстанда соғды жазуы мен тілі кең қолданылган. Бұл жазу Тараз, Баласағұн, Испиджаб, қалаларында кең тараған. Оңтүстік Сібір, Алтай Қазақстан жерін ежелгі түрік тайпалары мекендеген. Олар түрік тілінде сөйлеп, көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрған. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Көне түріктердің негізгі жазуы «руна» жазуы деп аталған. Ал аса бағалы тарихи ескерткіш болып саналатын руна жазуы бар құлпытасты XIX ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзенінің маңынан Н.М. Ядринцев тапқан. Құлыптастағы жазуды түріктанушы В.В.Радлов пен дат ғалымы В.Томсон оқыған. Бұл жазу «Орхон Енесей тас жазуы» деп аталады. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары. Бұлар нағыз тарихи дастандар. Мұнда түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандағы тарихи суреттер әдебиет көркемдік тәсілдермен өрнектелген. VIII - IX ғасырларға жататын әдеби шығармалар «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастаны. Бұл шығармалар алғаш VIII ғасырда ауызша айтылып, ел ішіне кең таралса, тек XI ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған. «Қорқыт ата» кітабы 12 жылдың қосындысынан тұрады. Бұл шығарма аты атаққа айналған ақын, Қорқытқа байланысты. Қорқыт есімі түрік тілдес халықтар арасында кеңінен мәлім. Қорқыт күмбезі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тұрғызылған. Ал, «Оғызнама» біздің дәуіріміздің II ғасырындағы тарихи оқиғаларға байланысты туған бұл әдеби шығарма VI ғасырда парсы тіліне, IX ғасырда араб тіліне аударылған. «Оғызнаманың» ескі нұсқасын XIII ғасырда толық жазған - Әбілғазы хан. Шығарманың идеясы ерлікті, бірлікті уағыздайды. Мазмұны қазақ халқының эпос жырларымен ұштасып жатады. Сонымен ерте орта ғасырда түрік тіліндегі ауыз әдебиетінің әртүрлі жанрларының (мақал-мәтел, жоқтау, тағы басқалар) дамуына байланысты әдеби тіл мен жазба әдебиетінің дамығандығын көруге болады. X ғасырдан бері қарай Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең тарай бастады. Сайрам, Отырар, Түркістан тағы басқа қалаларда діни медреселер салынып, ғылым-білімге кең жол ашылды. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 ж.ж) Отырар қаласында туған. Осы қалада қыпшақ тілінде білім алған. Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамск, (Шам) қалаларында игерген. Ол дүние жүзінде Аристотель сынды ғұламалармен теңдес ойшыл ретінде танылды. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби өз шығармаларында араб, парсы грек, үнді, түрік мәдениеттерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка кітабы» атты еңбегінен де байқауға болады. Сайып келгенде, әл-Фараби «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Өлең, сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Логика», тағы басқалар еңбектері -ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған. Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады. Қожа Ахмет Яссауи (1103 -1167 жж.). Сайрам қаласында туған. Әкесі Ибраһим атақты ғұлама адам болған. Шешесі - Мұса шайқының қызы Айша. (бір деректерде - Қарашаш). Алғаш әкесінен оқып сауатын ашып, кейіннен ислам дінінің шариғат-қағидаларын үйренген. Бала кезінен Ясы қаласын мекен етеді. Бұхара қаласында Юсуф Хамидалидан білім алып, Яссыға оралады. Мұнда ол сопылық ілімнің насихатшысына айналады. Арыстан бабты пір тұтады. Қожа Ахмет Ясауидан қалған мұра оның «Даналық кітабы», «Диуан - и хикмет» болып табылады. Кітап түрік тілінде араб әліпбимен жазылған. Бұл еңбекте адамды даналыққа, ақылдыққа, кіші пейілділікке, имандылыққа шақырады. Ахмет Ясауидің жолын қуған Шәкірттерінің бірі-ел ішінде Хакім ата аталған Сүлеймен Бақырғани. Жүсіп Баласағұн (1021 -1075жж.)- Ғұлама Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Толық аты Жүсіп Хас Хажип Баласағұни. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлеген. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялык «Құтты білік» дастаны Қарахан әулетінен шыққан Тағаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хажип (Сарай министірі) атағы берілді. Ол өзінің атақты «Құтты білік» - XI ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Поэманы 1896 ж. К.Керимов өзбек тіліне аударады. 1971 ж. Н.Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен еркін аударма жасады. Ал 1983 ж. С.Н.Иванов «Блогадная знанение» деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды.1986 ж. Бұл дастанды ақын А.Егеубаев қазақ тіліне аударды. «Құтты білік» поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген. Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадығу білік» атты дидактикалық поэмасы. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069 -1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған. Ал түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама Махмұд Қашғари зерттеді. Махмұд Қашғаридың (1030 -1090жж.) шын аты Махмұд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари. Әкесі Қашғар қаласында туған. Махмұд алғаш Қашғар қаласында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алды. Араб тілін жетік білген. Махмұд Қашғари үш кітаптан тұратын «Түркі тілдерінің сөздігі» («Диуани лұғат ат - түрік») атты мәңгі өшпес мұра қалдырды. Бұл кітап түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Бұл кітапта бүгінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен жайларының аты -жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Бұл еңбекте тарихшылардың назарын өзіне аударған шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашғари оны 1072-1074 жылдары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған.
Достарыңызбен бөлісу: |