ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану»



бет2/35
Дата20.06.2018
өлшемі266,37 Kb.
#43875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Мәдениеттану пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттану мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілдіғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттану пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып,оларды болжай білу.
«Мәдениет» дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына , яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін, сөздің шығу тегіне тоқталу керек. Қазақ тіліне бұл термин арабтың маданият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.
"Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі.Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз.Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық.
Мәдениет (латын. тіл.ауд.-өңдеу,егу деген сөзінен шыққан)- табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер.Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшілігі, оның адамның іс әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен « мәдениет» деген сөз жалпылық деген сөз жалпылық маңыз алды,адам жасағанның бәрін «мәдениет» деп атады. Мәдениет адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым қатынасы. Ол өзара қарым қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді,өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға,ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу,тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау,ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап тілектер қоғамдық прогреске,өрлеуге тікелей байланыста,әр қоғамдық кезеңде жаңа талап,тілектер пайда болады,өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды.Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі дамыды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне,талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші.Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі материалдық өндірістің, екіншісі рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері- еңбек құралдары және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижесінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей –ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам- мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді,қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін,икемін,қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты.Одан шығатын қорытынды, мәдениет-қоғамның материалдық және рухани байлығынығ жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет