ІІ ғасырда «Аспан жұлдыздарының жолы» деп аталатын Чжан даомин (І-ІІ ғасырларда) негізін қалаған бағыт пайда болды. Аңызға сай ол Лао-цзыдан аян алып, оның жердегі өкілі болу құқығын иеленеді. Оның «Көктен түскен ұстаз» титулы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. ІҮғасырда «Жоғары тазалық» және «Рухани асыл қазына» атты даолық мектептер пайда болды. Олар медитациялық пайымдау тәсілдеріне көп көңіл бөлді. ІҮ-ҮІ ғасырлардан бастап даолық ілімнің көптеген қағидалары қайта қарастырылып, ресми мәртебеге ие болды. Біртіндеп ауқымды иерархиялық канон жасалды. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда монахтық институттар мен монастырлар, ҮІІІ ғасырда қытайлық көптеген институтттар мен монастрлар, ҮІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде көптеген мектептер қалыптасады, солардың бірі – «кемелденген ақиқат ілімі» осы күнге дейін жетті. Қазіргі уақытта даосизм ҚХР, Корея, Тайвань, Сяньганьда және қытай эмигранттары арасында кең таралған. Даосизмді күнделікті тұрмысқа енгізген діни синкретті топтар 1960 жылы ҚХР-да қудалауға ұшырады, бірақ 80-ші жылдардан бастап олар, әсіресе, шет аймақтарда өз ықпалын қалпына келтіруге талпынды. Белсенді әрекет ететін Қытай құдайлары пантеонында шаман – медиумдар, галлопаттар, бал ашатындар, физиогномистер қызмет жасайды. Даолық храмдарға, монастрлар мен киелі орындарға мыңдаған діндарлар барады. Қытайдағы «Даоцизм ілімін ұстанушылардың бүкілқытайлық ассоциациясы» жұмысын қайта жандандырған. Даосизмнің қазіргі күні әлемде кең таралған оккульттік практикасы фен-шуй немесе геомантияға ерекше назар аударуға болады. Сөзбе-сөз фен-шуй «жел және су» – өмір ағымының қозғалысы деп аударылады. Бұл адамның ішкі дүниесін үйлесімділікке келтіріп, сыртқы ортадағы заттардың көмегі арқылы әлеммен гармонияда болу дегенді түсіндіреді. Фен-шуй ТМД аумағына Қытайдан емес, Батыс елдері соның ішінде Англия мен Германиядан келген. Батыста халықаралық «Фен-Шуй» орталығы құрылған, ал оның Қазақстандағы филиалы 2000 жылдың 3 мамырында тіркелген. («Егемен Қазақстан» газеті, «Даосизм», 2006 ж. 7-шілде) 9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%) Бақылау сұрақтары: 1. Қытай этносының дүниетанымдық көзқарасы. 2. Конфуций ілімінің құндылықтары. 3. Конфуций іліміндегі аспан құдайы. 4. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар. 5. Конфуций Дао ілімдерінің дінге айналу шарттары. 6. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар. 7. Конфуций Дао ілімдерінің Қытай мәдениетінің дамуына қосқан үлесі. 8. Конфуций Дао ілімдерінің әлемдік мәдениеттегі орны. 10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%) 2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. Конфуций, Дао, культ, династия, монастр. 1. Оқушыларды бағалау. 2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. 11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%) Сабақтың тақырыбы: Будда мәдениеті. Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер: 1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006. 2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004. 3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
№18- сабақ. 1. Сабақтың тақырыбы: Будда мәдениеті. 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория 4. Сабақтың мақсаты: Ү-ҮІІ ғасырларда буддизм мәдениетi өркендеп, ең жоғарғы деңгейге жеттi. Монастрларда үлкен байлық жиналды. Азияның қалалары — Кошамби, Санчи, Бодх-Гасде, Матуре, Сарнатхе, Аджантеде әшекейленген храмдар салынды. Будданың мүсiндерi жасалды. І ғ. Қытайға, ҮП ғ. Тибетке, ХIҮ ғ. Монғолия мен Ресей мемлекеттеріне ендi. *оқыту: Пән бойынша білім білік дағдыларын қалыптастыру; *тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі(еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау); *дамыту: Жеке тұлғаны дамыту; 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар. б) оқыту орны: дәріс аудиториясы 6. Әдебиеттер: 1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8 2. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8 1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%) а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. б) Сабақтың мақсаты мен міндеті. 7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1. Қытай этносының дүниетанымдық көзқарасы. 2. Конфуций ілімінің құндылықтары. 3. Конфуций іліміндегі аспан құдайы. 4. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар. 5. Конфуций Дао ілімдерінің дінге айналу шарттары. 6. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар. 7. Конфуций Дао ілімдерінің Қытай мәдениетінің дамуына қосқан үлесі. 8. Конфуций Дао ілімдерінің әлемдік мәдениеттегі орны. 8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%) Тақырыбы: Будда мәдениеті.
Достарыңызбен бөлісу: |