Есептер:
Есеп №1
45 жастағы ер кісі, ангинозды ұстамадан кейін 4 сағаттан соң қарқынды терапия палатасына түсті. Шағымдары төс артының қатты басыр ауыруы, ол сол қолға, иыққа, жауырынға, жаққа таралуы, өлімнен қорқу сезімі. Нитроглицеринді қабылдаудан кейін жеңілдік тумайды.
Объективті: жағдайы ауыр. Тері беткейі бозарған, салқан тер, еріндері көгерген. АҚ 80/60 мм с.б.б., РS-110/соққы мин. Аритмиялық. Жүрек тондары тұйықталған, шоқырақ ырғағы. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі 16 рет минутына.
Сұрақтары:
1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромдарын анықтаңыз.
2. Тексеру жоспары
3. Емдеу принциптері. Шұғыл көмек.
Есеп №2
Науқас М, 50 жаста. Кардиологқа 500 м қашықтыққа жүргенде, баспалдақпен бірінші қабаттан көтерілгенде, салқын ауаға шыққанда туындайтын төс артының ауырсынуына, ауырсынудың сол иыққа, мойынға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну сезімі жүргенді тоқтатқанда немесе нитроглицерин таблеткасын қабылдағаннан кейін 3-5 мин соң басылады.
Объективті: жағдайы орта ауырлықта. Қабақтарда ксантелазмалар байқалады, АҚ 150/100 мм с.б.б. РS-88 соққы 1 мин. Ырғағы аздап қысымды. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы: төстің оң жағы мен оң жақ қыры. Сол жақ V қабырғааралығында бұғана ортаңғы сызығы бойынша. Жоғарғы II қабырғааралықта. Cor тондары жүрек ұшында I тон әлсіреген, қолқа үстінде ІІ тонның металдық акценті. Өкпеде везикулярлы тыныс естіледі.
Сұрақтары:
1. Сіздің болжам диагнозыңыз негіздеуімен?
2. Тексеру жоспары.
3. Емдеу принциптері.
Есеп №3
Науқас М. түнгі уақытта төс артындағы ұстама туындады, нитроглицеринге зорға басылады. Физикалық жүктемені жақсы көтереді. Ұстама кезінде түсірілген ЭКГ-да инфаркт тәріздес өзгеріс байқалады, бұл өзгерістер ұстамаларды басқаннан кейін бірнеше минуттан соң ЭКГ ізсіз жойылады.
Сұрақтары:
1. Болжам диагнозы? Тексеру жоспары.
2. Науқастың мұндай жағдайын қалай сипаттайсыз?
3. Бұл науқастарға қандай препараттарды тағайындаған жөн?
4. Болжамы қандай?