Клиникалық белгілеріне қарай аталған патологияның бар екендігін белгілеу.
Коронарлық жеткіліксіздігіне (стенокардия, инфаркт) тән белгілерді анықтау.
Артериалды гипертонияға тән белгілерді анықтау.
Жүрек жеткіліксіздігіне тән белгілерді анықтау.
Коронарлы жеткіліксіздікке алып келетін себептерді бекіту.
Артериалды гипертонияға алып келетін себептерді бекіту.
Жүрек жеткіліксіздігіне алып келетін себептерді бекіту.
Қосымша зерттеу әдістері көмегімен науқастарды тексеру.
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: Коронарлы қанайналымның физиологиясы.
Коронарлы жеткіліксіздік туралы түсінік және анықтамасы.
Жүрек жеткіліксіздігі туралы түсінік және анықтамасы.
Қандай патологиялардың түрлерінде миокардты біріншілік зақымдайтын және ондағы зат алмасуын бұзатын, аурулармен байланысты жүрек жеткіліксіздігі байқалады?
Қандай патологиялардың түрлерінде жүректің өзінде немесе қанайналымындағы патологияларда туындайтын миокардтың жүктемесімен және зорығуымен байланысты жүрек жеткіліксіздігі байқалады?
Қандай жағдайларда сол қарыншаның жүктемесі байқалады?
Қандай жағдайларда оң қарыншаның жүктемесі байқалады?
Қандай жағдайларда екі қарыншаның да жүктемесі байқалады?
Жіті жүрек жеткіліксіздігі қашан дамуы мүмкін?
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі қалай дамиды?
Айқын жүрек жеткіліксіздігінде қандай гемодинамикалық өзгерістер байқалады?