Есептер:
Есеп №1
Науқас И., 58 жаста, 3 жыл алдын жіті миокард инфарктін бастан кешкен, гипертониялық аурумен 5 жыл бойы ауырады.
Обьективті жағдайы орта ауырлықта, терісі бозарған, жүрек шекаралары – сол жағы бұғана орта сызығынан 1 см тысқары. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 110 соққы минутына. ЭКГ-синустық тахикардия, ЖСЖ 115 рет мин., жүректің электрлік өсі солға ығысқан. Сол қарыншаның гипертрофиясы.
Сұрақтары:
Диагноз қойыңыз.
Қандай қосымша тексерулер тағайындау керек?
Емдеу принциптері.
Интерпретациялаңыз: Қан анализінде Эритроциттер- 4.0х10
12/л, лейкоциттер-6.4 х10
9/л; с-62.5; П-3-4; ЭТЖ-20 мм/сағ.
Есеп №2
Науқас М., 60 жаста. Тыныштық күйдегі ентігуге, тізелерінің ісінуіне, оң жақ қабырғаастының ауырсынуына, тез шаршағыштыққа шағымданады.
Анамнезінде бірнеше жылдардан бері Гипертониялық аурумен ауырады және 50 жасында трансмуралды миокард инфарктін бастан кешкен.
Объективті: Толық денелі. Акроцианоз. Мойын көктамырлары ұзына бойы ұлғайып, ісінген. АҚ 140/100 мм с.б.б., төстің сол жағынан ІІІ қабарғааралықта пульсация байқалады. Салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң жақ қырымен, сол бұғана ортаңғы сызықтан 2 см тысқары орналасқан. Аускультацияда І тон әлсіреген, жүрек ұшында шоқырақ ырғағы, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. ТЖ - 26 рет/мин. Өкпеде төменгі бөлімдерінде іркілген ылғалды сырылдар. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға асты доғадан 3-4 см шығыңқы. Бел аймағы мен аяқтарда ісіну байқалады. Диурез 800 мл/тәул.
Сұрақтары:
Сіздің болжам диагнозыңыз.
Тексеру жоспары.
Емдеу принциптері.
Есеп №3
Науқас С., 48 жаста, жіті трансмуралды миокард инфарктін бастан кешкен. Екі аптадан соң оң жақ бүйірінің ауырсынуына, жөтелге, ентігуге шағымданған, дене температурасы 38
0С-қа дейін көтерілген.
Объективті: жағдайы ауыр. АҚ 100/70 мм с.б.б., РS-100 соққы мин. Тыныс жиілігі 32 рет 1 минутта. СОR-тондары тұйықталған, систолалық шу естіле бастады. Өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды сырылдар, плевраның үйкеліс шуы естіледі.
Сұрақтары:
1. Негізгі синдром анықтау.
2. Тексеру жоспары.
3. Емдеу принциптері.
Есеп №4
Науқас К., 38 жаста, ревматизммен және митралды саңылаудың стенозымен ауырады, босанар алдында тұншығу ұстамасы болған.
Объективті: ортопноэ қалпында, суық тер, еріндердің цианозы. Мойын көктамырлары 1/3 ұзындығы бойында ісінген. Тынысы қиындаған, тыныс алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады. ТАЖ 28 рет 1 мин. РS-142 соққы 1 мин. ЖСЖ-170 соққы 1 мин, пульс тапшылығы 28. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң жақ қырынан 1 см тысқары, сол бұғана ортаңғы сызықтан 0,5 см ішкері, жоғарғы ІІ қабырғааралықта орналасқан. Соr I тон - жүрек ұшында мезодиастолалық шу, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Өкпеде төменгі бөлімдерінде іркілген ылғалды сырылдар.
Сұрақтары:
1. Негізгі синдром анықтау.
2. Тексеру жоспары.
3. Шұғыл көмек.
Есеп №5
Науқас 63 жаста, гипертониялық аурумен ауыратын науқастың гипертониялық криз фонында тұншығу, ауаның жетіспеуі, көпіршікті алқызыл түсті қақырықты жөтел туындады.
Объективті: ортопноэ қалпында, қозулы, ауаны аузымен жұтуда. Тері жабындары бозарған. Акроцианоз. РS-96 соққы 1 мин, аритмиялы. АҚ 200/110 мм с.б.б. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: сол бұғана ортаңғы сызықтан 2 см тысқары, жоғарғы ІІІ қабырғааралықта орналасқан. Жүрек тондары тұйық, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның акценті. Өкпеде жауырын деңгейіне дейін әлсіреген везикулярлы тыныс және ылғалды сырылдар.
Сұрақтары:
1. Науқастан қандай асқыну байқап тұрсыз?
2. Тексеру жоспары.
3. Шұғыл көмек.
Есеп №6
Науқас 56 жаста, ентігу, тобықтың ісінуі, көп көлемдегі қақырықты, көбіне азанға қарай және аздаған қан аралас қақырықты жөтелге шағымданып, госпитализацияланды. Қақырық таңғы уақытта бүйірге жатқанда не отырғанда шығады, соңғы 15 жылда дене температурасы қайта-қайта көтерілген, қақырық көлемі де ұлғайған. Жылына 1-2 рет ауруы өршіп отырады.
Соңғы 5-6 жылда физ.күш түскенде ентігетінін, бір жыл алдын аяқтарының ісінетінін байқаған. Дене температурасы көтерілген кезде тетрациклин қабылдайды, әдетте 2-3 күннен кейін температура түседі одан соң дәріні ішпей қояды. 50 жастан бері нағыз ауруы бойынша ІІ топтағы мүгедек. 30-дан 50 жасқа дейін темекі тартқан, күніне 10-15 сигареттен. Бір апта бұрын дене температурасы 39,5
0С-қа дейін көтерілген, қақырық көлемі артқан, оң жақ көкірек тұсында ауырсыну байқалды, демді терең алғанда ол күшейеді. 2 күн көлемінде тетрациклинді 100 мың 4 рет қабылдаған, тиімсіз, кейін госпитализацияланды.
Объективті: тәулігіне 100 мл іріңді, иіссіз қақырық тастайды, температурасы 37,8
0С. Перкуторлы: төменгі бөлімдерінде перкуторлы дыбыстың күшеюі, аускультативті: екі жақтан да ылғалды сырылдар, оң жақтан көбірек, жөтелген соң, дене қалпын өзгерткенде жойылады, көбіне төменгі бөлімдерінде; шашыраған құрғақ сырылдар.
Сұрақтары:
1.Науқастағы негізгі клиникалық синдромды атаңыз?
2.Бастапқы синдромды белгілеңіз.
3. Тексеру жоспарын құрыңыз.