3) Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:
Несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастардың шағымдарын білу.
Несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастардың анамнезін жинауда неге көңіл аудару керектігін білу.
Жалпы қарағанда неге көңіл қою керектігін білу.
Полиурия, олигоурия, анурия, никтурия, поллакиурия түсініктерінің мәні.
Несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастардың шағымдарын дұрыс әрі кезеңді түрде жинау.
Студент үйреніп алуы қажет:
Бүйрек және несеп шығару жүйесі ауруларына тән шағымдарды анықтауды үйрену.
Жалпы қарағанда бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастарға тән белгілерді анықтауды үйрену.
Бүйректерді пальпациялау әдістемесін игеру.
Зерттеудің зертханалық-аспаптық әдістерінің нәтижелерін дұрыс интерпретациялау.
Бүйрек аурулары бар науқастарды қарағанда: бүйректік ісінудің басқа текті ісінулерден ажырата білу.
Бүйрекке пальпация жүргізе білу, бүйректердің түсу деңгейін анықтау.
Несеп анализдерінің (жалпы, Зимницкий, Нечипоренко бойынша) нәтижелерін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |