1. Бүйректік ісінудің жүректіктен айырмашылығы:
кешке байқалады
таңертең байқалады
физикалық жүктемеден кейін байқалады
сипағанда тығыз
бірінші аяқтардан басталады
2. Бүйректік ісінулер:
жұмсақ, борпылдақ
тығыз
кешке байқалады
бірінші аяқтардан басталады
терінің трофикалық өзгерістерімен жүреді
3. Гематурия ... тән емес.
пиелонефритке
несеп-тас ауруына
гломерулонефритке
бүйрек ісіктеріне
бүйрек туберкулезіне
4.Ұйқышылдық, әлсіздік, шаршағыштық, апатия бүйрек аурулары кезінде ... тән.
солқарыншалық жеткіліксіздікке
симптоматикалық артериалды гипертензияға
ангиоспастикалық ретинопатияға
бүйрек жеткіліксіздігіне
эссенсиалды артериалды гипертензияға
5.Бүйректік шаншу ... тән.
бүйрек ісіктеріне, несеп-тас ауруына
массивті лейкоцитурияға
артериалды гипертензияға
созылмалы пиелонефритке
созылмалы гломерулонефритке
6. Сананың тежелуі ретінде бұзылуы ... тән.
созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысына
симптоматикалық артериалды гипертензияға
бүйректік шаншуға
«іркілістік бүйректерге»
пиелонефриттің өршуіне
7. Мәжбүрлік « боксер қалпы» ... бар науқастарға тән.
бүйрек туберкулезі
бүйрек амилоидозы
созылмалы гломерулонефриті
бүйрек ісіктері
бүйректік шаншуы
8. Тұрып тұратын мәжбүрлі қалыпты ... зақымданған науқастар ұстанады.
қуығы
несеп жолдары
бүйректердің астауша-тостағанша жүйесі
бүйрек маңы клетчаткалары
несепағардың қисаюында
9. «Диурез» бұл ...
несептің белгілі бір уақытта бөлінуі.
ауырсынған несептің бөлінуі.
несептің көп мөлшерін түнгі уақыттабөлу.
несепті бөлуді бұзылуы.
несеп бөлінуінің тоқтауы.
10 «Дизурия» бұл ...
жиі ауырсынған және қиын несептің бөлінуі.
жиі несептің бөлінуі.
ауырсынған несептің бөлінуі.
несептің тәуліктік мөлшерінің артуы.
несептің тәуліктік мөлшерінің төмендеуі.