Есеп №1
С. есімді науқастың несебінде ақуыздың көп мөлшері – 8,1 г/тәул анықталды. Қанда жалпы ақуыз 49 г/л, альбуминдер – 21,1 г/л.
Сипатталған зертханалық белгілер қандай патологиялық жағдайға (синдромға) тән?
Есеп №2
Науқастың несебінде ақуыздың көп мөлшері – 4,6 г/тәул анықталды. Қанда жалпы ақуыз 32 г/л, альбуминдер – 18,9 г/л.
Сипатталған зертханалық белгілер қандай патологиялық жағдайға (синдромға) тән?
Есеп №3
17 жастағы науқаста баспадан кейін 10 күн өткенде бас ауруы, ентігу, таңертең көз алдының ісінуі байқалды. Несеп анализінде: ақуыз 2,7 г/л, лейкоциттеры – 2-4 к.а., эритроциттер – 10-15 к.а., цилиндрлер гиалинді 0-1-2 к.а., дәнді цилиндрлер – бірен-саран.
Болжам диагноз? Бас ауырудың және ентігудің себептері?
Достарыңызбен бөлісу: |