1) Тақырыбы №13: Артериялық гипертония. 2) Мақсаты: Артериялық гипертониясы бар науқастарға сұрастыру және артериялық гипертензия синдромы бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтауды үйрену.
3) Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:
артериялық гипертония анықтамасын;
АГ алып келетін себептерін;
артериялық гипертонияның жіктелуін;
нысана ағзаларды;
АГ тән белгілерді;
Артериялық гипертонияны емдеуге арналған гипотензивті дәрілердің топтарын.
Студент үйреніп алуы қажет:
Артериялық гипертонияны клиникалық көріністеріне қарай анықтау.
АГ тән белгілерді анықтау.
АГ алып келетін себептерін анықтау.
Артериалды қысымды өлшеу әдістерін үйрену.
Науқастарды қосымша әдістер көмегімен тексеру.
Артериялық гипертензиясы бар науқастардың шағымдарын сұрастыру.
Ауру және өмір тарихын жинау.
Артериялық гипертонияға күдік туғанда науқасқа жүргізілетін клиникалық зерттеу әдістерін (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация) меңгеру.
Негізгі синдромды айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: |