Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»



бет26/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz
vdm mpd kz
Тері қабатын зерттеу. Терінің түсіне, серпімділігіне, ылғалдылығына, әртүрлі бөртпелер мен тыртықтарға көңіл аудару керек.
Терінің түсі тері тамырларының қанмен толығу дәрежесіне, дақтардың санына және сапасына, терінің қалыңдығы мен мөлдірлігіне байланысты болады. Бозарған тері тері тамырларының қанмен толығуы жеткіліксіз болғанда (шығу тегі әртүрлі тері тамырларының тарылуы, коллапс кезінде қанның кеңейген құрсақ қуысы тамырларында жинақталуы, анемияда) байқалады. Анемияның кейбір түрінде бозарған тері өзіндік түске ие болады: сарғыш - Аддисон-Бирмер анемиясында, жасыл реңді - хлорозда (қыздардағы теміртапшылық анемияның ерекше түрі), жердің түсі тәрізді – қатерлі өспелердегі қаназдықта, темекі күлі немесе қоңыр түс – безгекте және «сүт қатылған кофе» түсі – жітілеу бактериалды (септикалық) эндокардитте кездеседі. Бірақ кейде дені сау адамның өзінде тері асты тамырларының нашар дамуынан бет әлпетінің бозғылт тартуы байқалады.
Тері түсінің қызаруы қызба кезінде, жоғары немесе төменгі температуралық жағдайда жұмыс істейтіндердің денесінің тұрақты қызуы, сонымен қатар ұзақ уақыт бойы ашық күн сәулесінің астында болғанда (күнге күю) байқалады. Тұрақты қызыл түсті тері эритремиямен ауыратындарда кездеседі. Кейбір науқастар жағдайында терінің түсі көкшіл тартады, оны көгеру (цианоз) деп атайды. Терінің мұндай реңі қанның құрамындағы бұрынғы қалпына келтірілген гемоглобиннің көбеюіне байланысты болады. Оның екі түрлі себебі бар: бірінші шеткі қан айналымның нашарлауы, екіншісі өкпедегі газ алмасудың жетіспеушілігі. Кейде осы екі себеп те қатар кездеседі, яғни бір адамның басынан кездеседі. Адамның терісі мен кілегей қабаттары сары түске боялуы кездеседі, оның себебі қанның құрамындағы бнемесерубиннің көбеюі болып табылады. Патологиялық бояулардың ішінен терінің қола тәрізді түсін ерекше атап өткен жөн. Мұндай өзгерістер бүйрек үсті безі аурулары, гемохроматоз ауруларының нәтижесінде дамиды. Алдымен бет, мойын, қол сияқты ашық жерлерде, қолтық астында, жыныс мүшелерінде, бел тұсында, ауызда дақ түрінде тарайды. Алақан мен табан терісі, тырнақ, кілегей қабақтар түсін айтарлықтай өзгертпейді. Теріні қараған кезде кей жерлерінде пигментациясы жоғалған ошақтарды (vІ)tІ)lІ)go) көруге болады.
Қолмен сипалап қарау нәтижесінде терінің созылғыштығын және қатаюын, бір сөзбен тургорын анықтауға болады. Терінің тургорын анықтау үшін оны екі саусақтың арасында қыртыстайды. Қалыпты жағдайда тер қыртысы берік, тығыз болады және қолды босатқан уақытта тез арада бұрынғы қалпына келеді. Қартайғанда сұйықтықты жоғалтатын кейбір созылмалы ауруларда, қатты азған кезде терінің беріктігі кеміп, оңай қыртыстанады.
Терінің түсін анықтап болған соң оның ылғалдылығы зерттеледі, қатты терлеу (гипертиреоз, гипогликемия, дене қызғанда, туберкулез, экссудативті плеврит, іріңді сырқаттар, жұқпалы аурулар) ауруларына тән. Терінің құрғақшылығы организмнің суды көп жоғалтуы (диарея, құсу), қантты және қантсыз диабет, қалқанша безінің қызметінің нашарлауы (микседема) қатты жүдеген шақтарда кездеседі.
Тер бетіндегі бөртпелер сипаттамасы әртүрлі: нүктелік петехиялар, розеола, эритема, есекжем, ұшық, т.б. Ол жұқпалы аурулар кезінде кейде бірден диагноз қоюға, немесе оны басқа аурулардан ажыратуға мүмкіншілік туғызады.
Тері асты май қабатын зерттеу. Тері асты май қабатын теріні зерттеумен қатар жүргізеді. Ол кіндік тұсындағы теріні жиырып, қаншалықты жақсы дамығанын анықтайды. Көбіне тері асты май қабаты адамның жалпы салмағына сай келеді. Семіру (adІ)posІ)tas), яғни тері асты май қабатының шектен тыс артық дамуы ішкі және сыртқы ортаның әсер етуінен болады. Ішкі себептерге эндокрин жүйесінің қызметінің бұзылуы жатса, ал экзогендік себептерге тамақ саулық, аз қозғалғандық, арақ-шарапты көп ішкендік жатады. Адамның жүдеп азуы тері асты май қабатының азаюына әкеліп соғады. Мұндай жағдайды алиментарлық дистрофия деп атаймыз. Асқазан-ішек жолдары ауруларымен сырқаттанған кезде науқастың тәбеті төмендеумен қатар асқорыту және сіңіру үдерістері бұзылады. Ал көптеген ауруларда (қарын қалтқысының, өңештің тарылуы, созылмалы бүйрек қызметінің жетіспеушілігі) жиі құсудың нәтижесінде организм қажетті су мөлшерінен және қоректік заттардан айырылып, науқастың салмағы азаяды. Қатты жүдеуді кахексия деп атайды, оған көптеген аурулар себепкер болады: қатерлі ісіктер, созылмалы жұқпалы аурулар (туберкулез және т.б.), ұзаққа созылған уланулар, эндокриндік және психикалық аурулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет