9. Белгілердің бірі бүйректердің зақымдалғанын көрсетеді:
Пастернацкий симптомы
Ортнер симптомы
Мендель симптомы
Василенко симптомы
10. Жіті гломерулонефриттің асқынуы:
Жіті сол қарыншалық жеткіліксіздік
ЖБЖ (жіті бүйрек жеткіліксіздігі)
эклампсия
гиперкалиемия
Есеп №1 Геолог 26 жаста, тонзиллитпен ауырады, экспедицияда баспаны бастан кешті: 2 апта өткенде беттердің ісінуі байқалды. Несеп анализінде: салыстырмалы тығыздығы 1021, ақуыз 9г/л, Эр-15-20 к/а; L-2-4 к/а.
1. Сіздің диагнозыңыз.
2. Науқасты ары қарай тексеру жоспарын құрыңыз.
3. Науқасты емдей бағдарламасы.
Есеп №2 Науқас С., 20 жаста, клиникаға бас ауруы, бас айналу, бел аймағының тұйық ауырсынуы шағымдарымен келіп түсті. Анамнезінде: 14 жасында несеп анализінде ақуыз анықталған, 3 жыл өткенде учаскелік дәрігер АҚ жоғарылауын тіркей бастаған. Гипотензивті препараттарды ретсіз қабылдаған. Объективті: тері жабындары бозарған, беті ісінген, тобықтары мен тізелері ісінген. Жүректің сол жақ шекарасы бұғана орта сызығынан 1,5 см сыртқа орналасқан. Аускультацияда жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, қолқа үстінен ІІ тонның акценті естіледі. Пульсі тығыз, ырғақты, 84 соққы минутына. АҚ 180/120 мм с.б.б. Бауыры қабырға доғасы бойымен. Соққылау симптомы екі жақтан да әлсіз оң. Диурез тәулігіне 1 л-ге дейін.
1. Болжам диагноз қойыңыз.
2. Клиникалық синдромдарды көрсетіңіз.
3. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.