Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»



бет275/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz
vdm mpd kz
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


ТЕРАПИЯ БАКАЛАВРИАТ КАФЕДРАСЫ


Мамандық: 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
Пән: Клиникалық медицинаға кіріспе


Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын
бақылаушы - өлшегіш құралдар


КУРС: 3


ШЫМКЕНТ, 2013ж.

Сынақ, емтихан сұрақтары

  1. Ауруды қалай анықтауға болады?

  2. Аурудың симптомдары дегеніміз не?

  3. Қандай симптомдар субьективтіге жатады?

  4. Қандай симптомдар обьективтіге жатады?

  5. Науқасты сұрастыру барысында нені анықтаймыз?

  6. Диагностикалық зерттеу әдістері қалай бөлінеді?

  7. Науқасты тексерудің негізгі клиникалық әдістерін атаңыз.

  8. Науқасты тексерудің қосымша клиникалық әдістерін атаңыз.

  9. Пассивті қалып дегеніміз не?

  10. Белсенді қалып дегеніміз не?

  11. Мәжбүрлі қалып дегеніміз не?

  12. Сананың бұзылу деңгейлерін атаңыз.

  13. Дене конституциясына түсінік беріңіз.

  14. Тері жабындысы қалай өзгеруі мүмкін?

  15. Жалпы қарауды жүргізу әдістемесі.

  16. Науқастың жалпы жағдайын бағалау.

  17. Сананың бұзылу түрлері.

  18. Науқастың төсектегі қалпы.

  19. Дене бітімінің түрлері.

  20. Науқастың тері жабындысының жағайына баға беру.

  21. Шаш пен түкті жабындылардың өзгеруі.

  22. Тері асты май қабатының даму дәрежесін анықтау.

  23. Шеткері лимфа түйіндерін тексеру.

  24. Шеткері ісінулерді анықтау.

  25. Бұлшықеттің даму деңгейі мен күшін зерттеу.

  26. Буындарды зерттеу.

  27. Бронхөкпелік патологиялары бар науқастар қандай шағым білдіреді?

  28. Олардың пайда болу механизмі және әр шағымның сипаттамасы.

  29. Қарау жүргізудің кезеңділігі мен анықталған ауытқулардың түсіндірмесі.

  30. Кеуде қуысының түрлерін атаңыз.

  31. Тыныс алу түрлері.

  32. Тыныс алу мүшелері аурулары кезіндегі тыныс алу ырғағының, жиілігінің, тереңдігінің бұзылуы.

  33. Кеуде қуысын пальпациялаудың диагностикалық маңызы.

  34. Кеуде қуысын пальпациялау әдістемесі.

  35. Кеуде қуысының резистенттіліг туралы түсінік, өзгеру себептері.

  36. Дауыс дірілі туралы түсінік, өзгеру себептері.

  37. Перкуссияны физикалық негіздері.

  38. Перкуссияның ережесі мен жүргізу техникасы.

  39. Перкуссияның түрлері.

  40. Кеуде қуысының топографиялық сызықтары және қабырғаларды санаудың шамалау нүктелері.

  41. Топографиялық перкуссияны жүргізу ережесі, өкпе шекараларын анықтау.

  42. Өкпенің қалыпты шекаралары.

  43. Тыныс алу мүшелері ауруларындағы өкпе үстіндегі перкуторлы дыбыстың нұсқалары.

  44. Өкпе тінінің ауаға толуының жоғарылауында перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

  45. Өкпе тінінің тығыздалуында перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

  46. Өкпе тінінде қуыс пайда болғанда перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

  47. Өкпе тінінде сұйықтық жиналуында перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

  48. Стетоскоп және фонендоскоптың құрылысы.

  49. Негізгі тыныс шуларының пайда болу механизмі.

  50. Тыныс шуларының физиологиялық өзгерістері.

  51. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы немен байланысты?

  52. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы бар науқастар қандай шағымдар білдіреді?

  53. Өкпе тінінде қуыс пайда болу синдромы немен байланысты?

  54. Өкпе тінінде қуыс пайда болу синдромы бар науқастар қандай шағымдар білдіреді?

  55. Қандай жағдайларда плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромы байқалады?

  56. Транссудат деген не?

  57. Экссудат деген не?

58. Плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромына қандай белгілер тән?
59. Плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромының рентгенологиялық белгілерін атаңыз.
60. Қандай жағдайларда плевра қуысында ауа жиналу синдромы байқалады?
61. Плевра қуысында ауа жиналу синдромын рентгенологиялық тексеруде не анықталады?
62. Бронхофония, әдістемесі және техникасы, анықтамасы. Жүргізу тәртібі. Диагностикалық маңызы.
63. Өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық өткізгіштіктің бұзылуы, плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы синдромдарын тудыратын себептер.
64. Аталған синдромдарда туындайтын негізгі клиникалық көріністері, симптомдары:
А) шағымдары (ентігу, тұншығу), сипаттамасы.
Б) қарау осмотра, пальпация, перкуссия, аускультация мәліметтері.
65. Объективті тексеру мәліметтері.
66. Қосымша тексеру әдістері: рентгенографиялық әдіс, спирография.
67. Аталған синдромды туындауынан дамыған ауруға сай емдеу принциптері.

  1. Тамырларды қарау және пальпациялау әдістерімен тексеру.

  2. Пульстік толқынның таралуы немен байланысты?

  3. Пульстік толқынның таралу жылдамдығы.

  4. Тамырлардың пальпациясы.

  5. Сфигмография, анықтамасы және қасиеттері.

  6. Сфигмографияның түрлері: тіке және көлемді.

  7. Артериалды пульстің қасиеттері.

  8. Везикулярлы тыныстың капиллярлық өзгерісін тексеру: әлсіреуі және күшеюі.

  9. Көктамыр пульсін тексеру. Флебография.

  10. Артериалды гипертензия туралы түсінік.

  11. Артериалды қысымның физиологиялық тербелісі.

  12. Қалыпты сфигмограмманың құрылымы.

  13. Капилляроскопия әдістері.

  14. Жүрек-қантамыр патологиялары бар науқастар қандай шағымдар білдіреді?

  15. Әр шағымның пайда болу механизмі мен сипаттамасы.

  16. Қарауды жүргізу кезеңділігі мен анықталған ауытқуларды талдау.

  17. Артерия, көктамырдың құрылысы.

  18. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды жалпы және жергілікті қарау анықталатын жиі байқалатын симптомдарын белгілеу.

  19. Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларындағы шағымдары және олардың пайда болу механизмі.

  20. Анамнезді жинауда науқастардан нені анықтау қажет.

  21. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастарын жалпы қараудың қандай ерекшеліктері тән.

  22. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастардың анамнезін жинау ерекшелігі.

  23. Коронарлы қанайналымның физиологиясы.

  24. Коронарлы жеткіліксіздік туралы түсінік және анықтамасы.

  25. Жүрек жеткіліксіздігі туралы түсінік және анықтамасы.

  26. Қандай патологиялардың түрлерінде миокардты біріншілік зақымдайтын және ондағы зат алмасуын бұзатын, аурулармен байланысты жүрек жеткіліксіздігі байқалады?

  27. Қандай патологиялардың түрлерінде жүректің өзінде немесе қанайналымындағы патологияларда туындайтын миокардтың жүктемесімен және зорығуымен байланысты жүрек жеткіліксіздігі байқалады?

  28. Қандай жағдайларда сол қарыншаның жүктемесі байқалады?

  29. Қандай жағдайларда оң қарыншаның жүктемесі байқалады?

  30. Қандай жағдайларда екі қарыншаның да жүктемесі байқалады?

  31. Жіті жүрек жеткіліксіздігі қашан дамуы мүмкін?

  32. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі қалай дамиды?

  33. Айқын жүрек жеткіліксіздігінде қандай гемодинамикалық өзгерістер байқалады?

  34. Қанайналым жеткіліксіздігінің клиникалық көріністерін атаңыз.

  35. Жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары.

  36. Жүрек жеткіліксіздігінің диагностикалық әдістері.

  37. Жүрек демікпесі кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.

  38. Өкпе ісінуі кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.

  39. Асқорыту жүйесінің анатомиясы және физиологиясы.

  40. Асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың негізгі және қосымша шағымдары

  41. Асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың анамнезін жинауда нені анықтау керек?

  42. Науқасты жалпы қарағанда неге көңіл аудару керек?

  43. Ауыз қуысын қараудың диагностикалық маңызы.

  44. Іш аймағының топографиялық сызықтары.

  45. Іш формасының өзгеруінің себептері.

  46. Дисфагия, асқазан және ішек диспепсиясы мен ішектен қан кету синдромдары.

  47. Құрсақ қуысы мүшелерінің алдыңғы құрсақ қуысына проекциясы.

  48. Асқорыту жүйелері ауруларындағы белгілердің диагностикалық маңызы.

  49. Ішті қарау әдістемесі, беткейлік ориентациялық және терең сырғымалы пальпациясы, бауыр мен талақтың пальпациясы.

  50. Шеменді анықтау.

118. Алынған мәліметтерді талдау.
119. Тексеру нәтижелерін дұрыс толтыру.

  1. Іштің топографиялық аймақтары.

  2. Асқазан – ішек жолының ауруларындағы негізгі шағымдары.

  3. Асқазан – ішек жолының аурулары бар науқастарға сұрастыру жүргізу.

  4. Ішті қарау әдістемесі, беткейлі және терең сырғымалы пальпацияның әдістемесі, бауыр мен талақ пальпациясы.

  5. Ішек диспепсиясы, ішектен қан кетудің негізгі белгілерін анықтау.

  6. Ішек диспепсиясы және ішектен қан кетуге алып келетін себептер.

  7. Осы синдромдарды анықтау әдістері.

  8. Алынған мәліметтерді интерпретациялау.

  9. Тексеру нәтижелерін дұрыс толтыру.

  10. Ішек аурулары бар науқастардың айтатын шағымдары.

  11. Несеп шығару жүйесінің анатомиясы және физиологиясы.

  12. Нефронның құрылысы.

  13. Бүйректердің функциясы.

  14. Іштің топографиялық аймақтары.

  15. Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастарды сұрастыру.

  16. Жалпы қарау және бүйрек аймағын қарау әдістемесі.

  17. Перкуссия әдістемесі: соққылау әдісі, Пастернацкий әдісі.

  18. Несеп шығару жүйесі ауруларының негізгі белгілерін анықтау.

  19. Несептік синдромы бар науқастарды жалпы қарау әдістемесі.

  20. Нефротикалық синдромы бар науқастарды жалпы қарау әдістемесі.

  21. Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы бар науқастарды жалпы қарау әдістемесі.

  22. Несептік синдромының негізгі белгілері.

  23. Нефротикалық синдромының негізгі белгілері.

  24. Бүйрек жеткіліксіздігі синдромының негізгі белгілері.

  25. Дизурия, бүйрек жеткіліксіздігінің дизуриялық өзгерістерінің диагностикалық маңызы.

  26. Гематурия түрлері, диагностикалық маңызы.

  27. Эндокринді жүйе аурулары бар науқастардың негізгі және қосымша шағымдары

  28. Эндокринді жүйе аурулары бар науқастарға қарау жүргізудің әдістемесі

  29. Лимфа түйіндерін пальпациялау

  30. Талақтың перкуссиясы мен пальпациясы

  31. ҚД кезіндегі липидті алмасудың бұзылысы.

  32. ҚД кезіндегі ақуыздық алмасудың бұзылысы.

  33. Зертханалық-аспаптық зерттеудің негізгі әдістері.

  34. Ұйқы безінің негізгі қызметі.

  35. ҚД жіктелуі.

  36. ҚД клиникалық көрінісі. Ауыз қуысының зақымдалуы.

  37. ҚД анықтау әдістері.

  38. ҚД емдеу принциптері - инсулинотерапия, қантты төмендететін пероральді дәрілермен емдеу.

  39. Диабеттік гипер- және гипогликемиялық комаларды анықтау және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.

  40. Қант диабеті және тиреотоксикозбен ауыратын науқастарды клиникалық тексеру, алынған мәліметтерді талдау

  41. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелері.

  42. ДТЗ этиологиясы.

  43. Патогенезі. Жүйке жарақатының рөлі.

  44. Клиникасы.

  45. Қалқанша безінің пальпациясы.

  46. Тиреотоксикозды зертханалық және аспаптық диагностикалау.

  47. Дифференциалды диагноз.

  48. Емдеу принциптері.

  49. Ағзадағы йод алмасуы.

  50. Кеуде қуысы мүшелерінің анатомиялық құрылысы.

  51. Кеуде қуысы мүшелерінің топографиялық анатомиясы.

  52. Тыныс алу мүшелерінің физиологиясы.

  53. Пневмонияның (крупозды, ошақты) этиологиясы мен патогенезі.

  54. Пневмонияның бастаушы синдромдары.

  55. Өкпе тінінің тығыздалу синдромының перкуторлы белгілері.

  56. Өкпе тінінің тығыздалу синдромының аускультативті белгілері.

  57. Үдеріс кезеңіне қарай крупозды пневмонияның аускультативті белгілері.

  58. Пневмонияның мүмкін асқынулары.

  59. Пневмонияны анықтаудың параклиникалық әдістері, зертханалық әдістер, қанды, қақырықты тексеру, бронхоскопиялық, рентгенологиялық әдістер, сыртқы тыныс қызметін - спирография, пикфлоуметрия арқылы анықтау.

  60. Пневмония кезіндегі қанды зертханалық тексеру әдістері.

  61. Пневмония кезіндегі қақырықты зертханалық тексеру әдістері.

  62. Пневмонияның аспаптық анықтау: бронхоскопиялық, рентгенологиялық әдістер.

  63. Сыртқы тыныс қызметін анықтау - спирография, пикфлоуметрия әдістері.

  64. Антибактериалды дәрілермен емдеу әдісі.

  65. Жүректің ишемиялық ауруы синдромын (стенокардия, миокард инфакті) анықтау.

  66. Атеросклероз туралы түсінік.

  67. Негізгі этиологиялық факторлары.

  68. ЖИА негізгі белгілері.

  69. Жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероздың даму механизмі.

  70. Жүректің ишемиялық ауруының диагностикасын – бұл патологияға қолданылатын негізгі препараттар.

  71. Стенокардияны емдеуге арналған препараттардың топтары.

  72. Жүрек-тамыр жүйесін қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу.

  73. Жүректің ишемиялық ауруының анықтамасы.

  74. Стенокардияның анықтамасы.

  75. Миокард инфарктінің анықтамасы.

  76. Жүректің ишемиялық ауруына алып келетін себептер.

  77. Жүректің ишемиялық ауруының қауіп факторы.

  78. Атеросклероз, анықтамасы, себептері, диагностикалау әдістері.

  79. Жүректің ишемиялық ауруының симптомдары (ЖИА кезіндегі ауру ерекшеліктері).

  80. Жүректің ишемиялық ауруының диагностикасы (ЭКГ белгілері, ферменттері).

  81. Стенокардия кезіндегі шұғыл көмек.

  82. Миокард инфаркті кезіндегі шұғыл көмек.

  83. Жүрек-тамыр жүйесінің анатомиясы.

  84. Жүрек-тамыр жүйесінің физиологиясы.

  85. Үлкен қан айналым шеңберінің гемодинамикасы.

  86. Кіші қан айналым шеңберінің гемодинамикасы.

  87. Коронарлы қанайналым.

  88. Артериялық гипертония дегеніміз не?

  89. Артериялық гипертония алып келетін себептер.

  90. Негізгі этиологиялық факторлар.

  91. Артериялық гипертонияның қауіп факторлары.

  92. Артериялық гипертонияның даму патогенезі.

  93. АГ жіктелуі.

  94. Артериялық гипертонияның симптомдары.

  95. Артериялық гипертонияның диагностикасы.

  96. Артериялық гипертонияның ЭКГ белгілері.

  97. Ойық жара ауруының анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі.

  98. Ойық жара ауруының қазіргі жіктелуі.

  99. Ойық жара ауруының негізгі клинико-экдоскопиялық және морфологиялық белгілері.

  100. Helicobacter pylori-ді анықтау әдістері.

  101. Ойық жара ауруының асқынуы.

  102. Зертханалық-аспаптық диагностика.

  103. Ойық жара ауруын заманауи емдеу принциптері және алдын алу, антигелико-бактерлы терапия сызбасы.

  104. Асқазан мен ұлтабардың анатомиясы мен топографиясы.

  105. Асқазан функциялары.

  106. Асқазанның қышқыл түзуші қызметінің ерекшеліктері.

  107. Шырышты қабаттың морфологиясы.

  108. Асқазанның пальпациясы (бимануалды әдіспен).

  109. ЖҚА маңызы.

  110. Копрограмма өзгерістері; Грегерсен реакциясы.

  111. Helicobacter pylori-ді анықтау әдістері

  112. Асқазанның қышқыл түзуші қызметін бағалау (интрагастралды рН-метрия).

  113. Жіті және созылмалы ойық жараның эндоскопиялық көрінісі.

  114. Рентгенологиялық зерттеу әдістерінің маңызы.

  115. Ойық жара ауруын емдеу әдістері.

  116. Ойық жара ауруын емдеуге қолданылатын дәрілердің негізгі топтары.

  117. Ойық жараға қарсы терапияның заманауи сызбасы.

  118. Ойық жара ауруының профилактикасы.

  119. Ойық жара ауруының болжамы мен аяқталуы, асқынулары. Дәрігерлік тактика.

  120. Өт қабы мен ұйқы безінің анатомиясы, физиологиясы.

  121. Өт қабы мен ұйқы безінің физиологиялық ерекшеліктері.

  122. Ұйқы безінің сыртқы және ішкі секрециялық қызметі.

  123. Өт қабы мен ұйқы безімен ауырған науқастарды сұрастыру және қарау.

  124. Өт қабы мен ұйқы безін пальпациялау.

  125. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

  126. Өт қабын рентгенологиялық зерттеу.

  127. Холецистография, сцинтиграфия және т.б. зерттеу әдістері туралы түсінік.

  128. Өт қабының қабыну синдромы, себептері, симптомдары, олардың механизмі.

  129. Ұйқы безінің қабыну синдромы, себептері, симптомдары, олардың механизмі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет