Студент үйреніп алуы қажет:
физикалық зерттеу әдістерін қолдану арқылы науқасқа тексеру жүргізуді (сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация);
ішкі ағзалардың кең таралған аурулары кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтауды;
зерттеудің лабораториялық - аспаптық әдістерінің нәтижесін түсіндіруді;
ішкі ағзалардың кең таралған аурулары кезінде ықтимал диагнозды негіздеуді;
шұғыл жағдайда (бронх демікпесі ұстамасында, жіті сол жақ қарынша жеткіліксіздігінде, гипертониялық криз, қыспалық статус, анафилактикалық шок, аяқ астынан өлу, Квинке ісінуі, есекжем) диагнозды анықтау мен көмек көрсетуді.
Достарыңызбен бөлісу: |