Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»


Несепті Нечипоренко бойынша анықтау



бет52/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz
vdm mpd kz
1. Несепті Нечипоренко бойынша анықтау- несепті бөлудің ортасында несеп порциясын алады. Дені сау адамда 1 мл несепте 2000-ға дейін лейкоциттер, 1000-ға дейін эритроциттер болады.
2. Несепті Амбурже бойынша анықтау – үшсағаттық кезеңде несепті жинақтайды. Таңғы несепті төгіп тастап, кейін әр 3 сағат сайын несепті жинап және 1 минут ішінде несеппен бөлінетін формалық элементтер санын анықтайды. Қалыпты жағдайда несепте 1 мин ішінде 2000-ға дейін лейкоциттер, 1000-ға дейін эритроциттер бөлінеді.
3. Несепті Аддис-Каковский бойынша анықтау әдісі – тәуліктік несептегі формалық элементтерді анықтау. Дені сау адамда тәулігіне 1-1,5 млн. эритроциттер, 2-2,5 млн. лейкоциттер және 100000-ға дейін цнемесендрлер бөлінеді.
Бұл әдістер жасырын лейкоцитурияны анықтау және несептегі лейкоциттер пен эритроциттердің артық болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Бүйректерді функционалдық зерттеу
Несептің салыстырмалы тығыздығы мен мөлшері бойынша бүйректердің жағдайын функционалдық әдістермен анықтау. Сұйықтық жетіспегенде сау организмнен шығатын несеп аз ғана және салыстырмалы тығыздығы жоғары болады; керісінше организмге сұйықтық көп түскенде несептің мөлшері ұлғаяды, ал оның салыстырмалы тығыздығы төмендейді. Бүйректер осылай ішкі гомеостаздың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Бүйректердің сусыз осмотикалық белсенді заттарды резорбция жасай алмауы – сұйылту қызметінің бұзылуына әкеліп соғады. Бүйректердің несепті қоюландыру және сұйықтандыру қабілеттерін зерттейтін сынақтардың ішінде ең көп тараған және физиологиялық жағдайда жасалатын сынақ Зимницкий сынағы. Бұл әдістің негізгі артықшылығы – бүйректердің функционалдық тексеруі науқастың қалыпты жағдайында жасалынады. Сынақ тәулік бойында жүргізіледі. Науқас несебін әрбір үш сағат сайын жинайды (8 порция). Жинап алғаннан кейін әр үлестегі несептің мөлшерін өлшеп, оның салыстырмалы тығыздығын анықтайды. Несептің түнгі және күндізгі үлестерінің мөлшерлерін салыстыра отырып, қай кездегі диурездің көп екенін анықтайды. Әрбір үлестің салыстырмалы тығыздығын зерттей отырып, оның тәулік бойына тербелісін және ең жоғарғы мөлшерін талқылауға болады. Қалыпты жағдайда күндізгі диурез түнгіден көп болады, несеп мөлшері ү.лестерде 50-250 мл дейін, ал салыстырмалы 1,005-тен 1,02-ге дейін. Бүйректердің функциялық жеткіліксіздігінде түнгі диурез көп болады (никтурия), себебі бүйректердің функцияның қабілетінің төмендеуінен жұмыс уақыты ұзарады. Бүйректердің қызметінің жетіспеушілігі күшейгенде несептің салыстырмалы тығыздығы төмендейді. Полиурия, никтурия және салыстырмалы тығыздықтың төмендеуі – бүйректердің функциялық жеткіліксіздігінің бірден-бір белгісі болып есептеледі.
Бүйректердің функционалдық күйін анықтайтын тура әдістерге бүйрек клиренсін анықтау және Реберг сынамасы- тәсілі жатады. Бүйрек клиренсі, яғни тазару коэффициенті дегеніміз – 1 минутте бүйрек қызметінің нәтижесінде белгілі бір заттан толық тазарған қан плазмасының мөлшері. Егер тазартылған зат бүйрек өзекшелерінде кері сіңбейтін болса және ол секреция жолымен бөлінбейтін болса, онда бүйрек клиренсінің мөлшері шумақ сүзіндісіне тең болады. Несепті 2 сағат немесе 1 тәулік бойы жинайды, диурезді өлшейді және креатинин мөлшерін анықтайды. Кейін арнайы формуламен шумақтық фильтрация мен реабсорбцияны есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет