Есептер:
Есеп № 1
Науқас С., 45 жаста, терапиялық бөлімшеге тұншығу ұстамасымен келіп түсті. Обьективті: жағдайы орта ауырлықта, есі анық, айқын акроцианоз байқалады. Өкпеде ысқырықты құрғақ сырылдар, экспираторлы ентігу. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Зертханалық: қақырық анализінде үлкен көлемде эозинофилдер, Шарко-Лейден кристалдар, Куршман шиыршықтары.
Сұрақтар:
Бұл қай ауруға тән?
Диагнозды анықтау үшін тағы қандай қосымша тексерулер қажет?
Есеп № 2
Науқас Ж., 28 жаста, терапиялық бөлімшеге дене температурасының 390С –қа дейін көтерілуі, жөтел, ентігу, айқын әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Обьективті: жағдайы ауыр, есі анық, тері беткейлері бозарған. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, оң жақ өкпеде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ – 26 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс.
Сұрақтар:
Сіздің болжам диагнозыңыз?
Диагнозды анықтау үшін тағы қандай қосымша тексерулер қажет?
1) Тақырыбы №3: Тыныс алу ағзалары аурулары кезіндегі синдромдар: өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық өткізгіштіктің бұзылуы, плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы. 2) Мақсаты: Студенттерді тыныс алу ағзалары аурулары кезіндегі синдромдарды: өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық өткізгіштіктің бұзылуы, плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуын анықтауды үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |