3) Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:
Қарауды жүргізудің кезеңділігі және анықталған ауытқуларды интерпретациялау.
Кеуде қуысының қалыпты формалары.
Кеуде қуысының патологиялық формалары.
Тыныс алу түрлері.
Тыныс алу мүшелері аурулары кезіндегі тыныс алу ырғағының, жиілігінің және тереңдігінің бұзылуы.
Кеуде қуысын пальпациялаудың диагностикалық маңызы.
Кеуде қуысын пальпациялау әдістемесі.
Кеуде қуысының резистенттілігі туралы түсінік, олардың өзгерісін тудыратын себептер.
Дауыс дірілі туралы түсінік, олардың өзгерісін тудыратын себептер.
Науқасқа сұрастыру жүргізу.
Студент үйреніп алуы қажет:
Науқасты жалпы қарау, кеуде қуысын қарауды жүргізу.
Науқастың дене бітімінің түрін анықтау.
Тыныс алу түрін, жиілігін және ырғағын анықтау.
Кеуде қуысын пальпациялау.
Кеуде қуысына топографиялық сызықтарды (оң жақ және сол жақ): алдыңғы ортаңғы, төс, төс маңы, бұғана ортаңғы, қолтық асты, жауырын, омыртқа маңы және артқы ортаңғы (омыртқаның сүйір өсінділері бойынан) жүргізу.
Өкпеге салыстырмалы перкуссия жүргізу.
Өкпеге топографиялық перкуссия жүргізу.
Өкпенің төменгі шекарасын анықтау.
Өпкенің экскурсиясын анықтау.
Кренинг алаңының шекараларын анықтау.
Өкпе ұшының биіктігін оң және сол жақтан анықтау.
Тыныс алу мүшелері патологияларының әртүрлі түрлерінің диагностикалық аускультативті белгілерін ажырату.
Тыныс жеткіліксіздігінің жасырын және анық белгілерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |