1) Тақырыбы №5: Қанайналым ағзалары аурулары кезіндегі синдромдар: коронарлық жеткіліксіздік, артериалды гипертензия, жүрек функциясының жеткіліксіздігі. Шұғыл жәрдем.
2) Мақсаты: Жүрек-тамыр жүйесі ауруларындағы негізгі синдромдарын: коронарлы жетіспеушілігі, артериалды гипертония, жүрек жетіспеушілігі (стенокардия, инфаркт) бар науқастарға сұрастыру жүргізуді үйрену. Себептерін, симптомдарын, олардың механизмдерін, диагностика әдістерін оқыту.
3) Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:
Жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдарын.
Артериалды гипертонияның негізгі симптомдарын.
Жіті жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдарын.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдарын.
Артериалды қысымды өлшеу техникасын.
Студент үйреніп алуы қажет:
Эссенциалды артериалды гипертензиясы бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтау.
Жүрек жетіспеушілігі (стенокардия, инфаркт) бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтау.
Тамырларды артериялар мен көктамырларды қарау және пальпациялау, артериалды қысымды өлшеу жолдарымен зерттеу.
Артериалды гипертензиясы бар науқастарға сұрастыру жүргізу.
Артериалды гипертониясы бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтау.
Жіті және созылмалы жүрек (солқарыншалық және оңқарыншалық) жеткіліксіздігі, жіті қантамыр жеткіліксіздігі (талу, коллапс, шок) бар науқасқа сұрастыру жүргізу.
Жіті және созылмалы жүрек (солқарыншалық және оңқарыншалық) жеткіліксіздігі бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |