5) Білім берудің және оқытудың әдістері: муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау
6) Әдебиет:
негізгі:
қосымша:
7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)
Сұрақтар:
Асқазан диспепсиясы синдромының негізгі белгілерін атаңыз.
Ішек диспепсиясы синдромының негізгі белгілерін атаңыз.
Асқазаннан қан кету синдромының негізгі белгілерін атаңыз.
Ішектен қан кету синдромының негізгі белгілерін атаңыз.
Ішек ауруларындағы белгілердің диагностикалық маңызы.
Ішек ауруларының диагностикалық маңызы.
Тесттер:
1. Астан кейін 2-3 сағаттан соң құсу ... байқалады.
а) эзофагитте
б) гастритте
в) ұлтабар жарасында
г) холециститте
д) панкреатитте
2. «Кофе қойыртпағы» тәрізді құсық ... дәлелдейді.
а) эрозивті эзофагитті
б) холециститті
в) гепатитті
г) асқазан жарасынан қан кетуді
д) ұлтабар жарасынан қан кетуді
3.Бір күн алдын ішкен тамақты құсу ... тән.
а) өңеш обырына
б) жіті гастритке
в) асқазанның асқынбаған жарасына
г) пилоростенозға
д) холециститке
4. Өткір, тітіркендіргіш тағамды жегеннен соң 30-40 минуттан кейін
эпигастрий аймағының ауырсынуы ... кездеседі.
а) жіті эзофагитте
б) асқазан денесінің жарасында
в) ұлтабардың жарасында
г) холециститте
д) панкреатитте
5. Төстің төменгі бөлігі аймағының ырғақты, маусымды, сілтіні қабылдағанда басылатын ауыруы ... тән белгі.
а) жіті панкреатитке
б) жіті гастритке
в) эзофагитке
г) асқазан және ұлтабар жара ауруына
д) асқазан обырына
6. Бел аймағының майлы тағамдарды қабылдағаннан соң айналдыра ауыруы ... тән.
а) эзофагитке
б) гастритке
в) панкреатитке
г) асқазан жарасына
д) дуоденитке
7. Майлы тағамдарды қабылдағаннан кейінгі, оң жақ жауырынға, оң иыққа берілетін оң жақ қабырға астының ауырсынуы ... тән.
а) ұлтабар жара ауруына
б) жіті гастритке
в) асқазан жарасына
г) панкреатитке
д) холециститке
8.Мелена ... тән емес.
а) ұлтабар жара ауруына
б) асқазан жара ауруына
в) өңеш обырына
г) бейспецификалық жаралық колитке
д) геморройға
9.Көзге көрінетін асқазанның перистальтикасы ... тән.
а) жіті гастритке
б) қалтқы стенозына
в) асқазан жара ауруына
г) асқазан полипіне
д) дуоденитке
10. Асқазан бөліндісінің құрамын жіңішке Лепорский зондымен тексеру ... анықтауға мүмкіндік береді.
а) асқазанның моторлы функциясын
б) асқазанның қышқылды құрамын
в) глистті инвазияны
г) эхинококкозды
д) лямблиозды
Достарыңызбен бөлісу: |