Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»



бет143/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz

Есептер:
Есеп №1
Науқас Б., 48 жаста, ентігу, температура байқалады. Қарағанда науқастың кеуде қуысының жартысының тыныс алуда қалуы анықталды. Дауыс дірілі күшейген, пер­куторлы дыбыс зақымдалу ошағының үстінде тұйықталған, везикулярлы тыныс әлсіреген, бронхофония күшейген. ЖҚА лейкоцитоз -20,0*109/л. R-гомо­генді қараю.
Қандай ауру туралы айтылған?

Есеп №2
Науқас К., 47 жаста шағымдары температураның 39 гр. дейін көтерілуі, қалтырау, ентігу, бас ауру, жөтел. Сол жақтың төменгі бөлігінің крупозды пневмониясы диагнозымен стационарлы емделіп жатыр. Таңғы сағат 6-да кенет жалпы жағдайы нашарлады, тері жабындылары бозарып, шекесінде суық тер шықты, еріндердің цианозы артты. Температурасы 35,8. Есі сопорозды, тынысы жиілеген, беткейлі. ЖСЖ 120 рет 1 мин. АҚ 40/20 мм с.б.б.
а) Асқынуы қалай аталады?
б) Алғашқы медициналық көмек?


Есеп №3
Науқас У. 30 жаста, емханаға құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, температурасының 38гр. дейін көтерілуі, бас ауруы, жалпы әлсіздік деген шағымдармен келді. Қарағанда жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жабындылары қалыпты түсте. Дауыс дірілі және бронхофония өзгермеген. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Аускультацияда қатты тыныс, бірен-саран сырылдар.
Қандай ауру туралы айтылған?
Аурудың синдромдарын атаңыз?

Есеп №4
Науқас М., 45 жаста, слесарь. 10 жыл көлемінде темекі тартады. Жел өтінде жұмыс істегеннен кейін 2 күн өткенде баспалдақпен көтеріліп келе жатқанында ентігуді байқады. Жөтел тұрақты шырышты-іріңді қақырықпен.
Обьективті: жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Пер­куссия және пальпацияда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Аускультацияда қатаң тыныс фонында көптеген құрғақ сырылдар.
Кеуде қуысының R-тексеруі – өкпенің ауалық алаңының артуы, өкпе суретінің күшеюі және оның деформациясы.
Қандай ауру туралы айтылған?
Аурудың синдромдарын атаңыз?

Есеп №5
Науқас Т. 20 жаста, студентк қыз. Шағымдары құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, жалпы әлсіздік, субфебрильді температура. Өзін 2 күн көлемінде аурумын деп санайды, тұмауды өткергеннен кейін. Емделмеген. Жағдайы қанағаттанарлық. Ентігу жоқ. Тері жабындылары қалыпты түсте. Дауыс дірілі және бронхофония өзгеріссіз. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Аускультативті: қатты тыныс, ысқырықты және ызыңдаған құрғақ сырылдар.
Қандай ауру туралы айтылған?
Аурудың синдромдарын атаңыз?

Есеп №6
Науқас К. 50 жаста. 3 жыл көлемінде созылмалы обструктивті бронхитпен зардап шегеді. Шағымдары тәулігіне 100 мл-ге дейінгі үлкен көлемдегі иісті шырышты-қақырықты жөтел. Кейде қақырыққа қан араласады, кеуде қуысындағы ауырсыну, тем­пература. Қарағанда: беті ісінген, цианоз, кеуде қуысы эмфизематозды фор­малы. Саусақ фалангалары барабан таяқшалары және тырнақтары сағат әйнегі тәрізді. Перкуторлы - перку­торлы дыбыс тұйықталған, қорапты дыбыс. Аускультативті: қатты тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар. R-тексеру: өкпе тінінің мөлдірлігі жоғарылаған, өкпе суреті күшейген.
Сіздің диагнозыңыз?
Бастапқы синдромдары?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет