Есептер:
Есеп №1
Науқас 60 жаста, шағымдары қиын жөтел, шырышты қақырықпен, жүдеу, әлсіздік, меңзеңдік, көкірек қуысындағы оң жағынан ауырсыну, ұзақ уақыт бойы сыздап, тыныс алу актісімен байланыссыз ауырсыну.
Объективті: тері жабындары бозарған, таза, тері асты май қабаты орташа дамыған. Оң жақ қолтық асты аймағында көлемі бұршақ тәрізді, ауырсынусыз лимфа түйіндер анықталады. Жүрек тондары тұйықталған. Ырғағы дұрыс. АҚ 120/80 мм с.б.б., жүрек шектері қалыпты деңгейде. Өкпеде везикулярлы тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар, оң жақ бұғана асты аймағында әлсіреген тыныс. Пикфлоуметрия - ОФВ/ФЖЕЛ >70%
Сұрақтары:
1. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдарды атаңыз.
2. Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
Есеп №2
Науқас 48 жаста шырышты, әйнек тәрізді көп көлемді қақырықты жөтел, әлсіздік, физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, көкірек қуысындағы, оң жақ иыққа берілетін ауырсыну шағымдарымен келіп түсті. Өзін бір апта көлемінде аурумын деп есептейді. Бір ай бойы пневмония бойынша ем қабылдады. Пикфлоуметрия - ОФВ/ФЖЕЛ >45%
Сұрақтары:
1. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдарды атаңыз.
2. Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |