Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»



бет210/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz

Есептер:
Есеп № 1
18 жастағы науқас ауруханаға әлсіздік, бас айналу, тері жабындарының бозаруы, тіл ұшының күйдіруі, тығыз тағамдарды жұтудың қиындауы, шаштың түсуі деген шағымдармен келіптүсті. Бірнеше айдан бері ауырады, ауру біртіндеп дамыды.
Анамнезінде - етеккірі 13 жасынан, көп келеді. Анасы жүктілік кезінде қаназдықпен ауырған. Объективті: тіл бүртіктері жазылған, тері жабындары бозарған. Ішкі мүшелер жағынан басқа патологиялары анықталмайды.
1. Диагноз қойыңыз.
2. Бұл ауру мен анасының ауруы, етеккір циклімен байланысы қандай?
Есеп № 2
Науқас 18 жаста, дене температурасының жоғарылауы, жалпы әлсіздік, жұтыну кезіндегі ауырсыну, денедегі қан кету орындары және қызыл иектің қанталауы. Бірнеше күн алдын кенеттен ауырды. Ауруының себебін білмейді. Туғандарының ешқайсысы мұндай аурумен ауырмаған.
Объективті: есі анық, бірақ тұйықталған, жағдайы орта ауырлықта. Беті ісінген, еріндерінің жиегінде қан тұрып қалған, тілі ұлғайған, қою қоңыр жабынмен жабылған. Аранда қарау мүмкін емес – ауызын ашуға ауырсыну сезімі бөгет болады. Дене терісінде әртүрлі сипаттағы қан кетулер - нүктелік, петехиялар, экхимоздар. Перифериялық лимфотүйіндер ұлғаймаған. Өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс. Жүректің жиырылуы жиілігі және пульсі – 1 минутта 120 рет. Бауыры мен көкбауыры сезілмейді.
1. Диагноз қойыңыз. Оны негіздеңіз.
2. Тексеру жоспарын құрыңыз.
3. Аталған аурудың негізгі белгісі қандай?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет