Тақырыбы №20: Аралық бақылау (коллоквиум). «Эндокриндік жүйені зерттеудің лабораториялық-аспаптық әдістері және оның маңызы (УДЗ, гормондық бағыттар, т.б.)»
Тақырыбы №20: Аралық бақылау (коллоквиум). «Эндокриндік жүйені зерттеудің лабораториялық-аспаптық әдістері және оның маңызы (УДЗ, гормондық бағыттар, т.б.)».
Мақсаты: Студенттерге эндокринді жүйелер аурулары кезіндегі науқастарды зерттеу тәсілдерін, симптомдарын және гипергликемия, гипогликемия, қалқанша бездің қызметінің жоғарылауы және төмендеуі синдромдарын анықтауды үйрету, диагностика тәсілдерін үйрету. Өткен тақырыптар бойынша білімді бекіту және аралық бақылау жүргізу.
Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру
тест тапсырмаларын шешу
өздігінен 2 ситуациялық есеп және тақырып бойынша және 5 тест құрастыру.