Есептер:
1. Бөлімшеге науқас Г., 70 жаста келіп түсті. Тыныштық жағдайда ентігуге шағымданады. Науқас төсекте қолын тіреп отыр. Біршама диффузды цианоз байқалады. Тынысы шулы, стридорозды, алыстан естіледі. Тыныс алу да шығару да қиындаған.
1. dyspnoe дәлірек себебі қандай?
2. Стридорозды тыныс туралы түсінік.
3. Орталық цианоз не туралы айтады?
4. Тыныс алудың және шығарудың қиындауымен ентігу қалай аталады?
5. Кеуде клеткасын палпациялау арқылы нені анықтауға болады?
2. 2 қабырғааралықта оң жақта бірден әлсіреген 2 тон, Боткин нүктесіне қарай интенсивтілігі төмендейтін диастолалық шу естіледі. Жүрек ұшында әлсіреген 1 тон, тұрақсыз пресистолалық шу естіледі.
1. Айтылған аускультативті кқріністің себебі қандай?
2. Көрсетілген пресистолалық шу қалай аталады?
3. Осы жағдайда бөдене бытпылын естуге болады?
4. 1 тон ыдырауы пайда болуы мүмкін бе?
5. Көрсетілген шу қолтықастында естілуі мүмкін бе?
Достарыңызбен бөлісу: |