Тапсыру мерзімі: 13-апта
Әдебиет:
Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):
Сұрақтар:
1. Теміртапшылықты анемиялар қалай дамиды?
2. Қандай науқастарда анемияның бұл түрі байқалады?
3. Теміртапшылықты анемиясы бар науқастардың шағымдарын атаңыз.
Тесттер:
1.Әйелдердегі гемоглобиннің қалыпты деңгейі:
а) 120-140г/л
б) 141-150 г/л
в) 1151 -160 г/л
г) 100-119г/л
д) 90-99 г/л
2. 1 литрдегі лейкоциттердің қалыпты мөлшері:
а) 4-9*109/л
б) 1,1 - 2,5*10 9/л
в) 2,5-3,5* 10 9/л
г) 10,2-15,2*10 9/л
д) 16-32*10 9/л
3. Қандағы эритроциттер санының қалыпты деңгейі?
а) 4,5-5,5х1012/л;
б) 3,5-4,5х1012/л;
в) 6,5-8,5х1012/л.
4. Қандағы гемоглобин мөлшерінің қалыпты деңгейі:
а) 146-168 г/л;
б) 115-145 г/л;
в) 132-164 г/л;
г) 145-156 г/л.
5. Қандағы түсті көрсеткіштің қалыпты деңгейі:
а) 0,78-1,2;
б) 0,88-0,91;
в) 0,86-1,05.
6. Қандағы ретикулоциттер санының қалыпты деңгейі:
а) 2-10%;
б) 0,5-1,5%;
в) 5-15%.
7. ЭТЖ қалыпты деңгейі?
а) 1-10 мм/сағ;
б) 4-15 мм/сағ;
в) 2-20 мм/сағ.
8. Протромбинді индекс тең:
а) 60%;
б) 50%;
в) 70%;
г) 100%.
9. Фибриногеннің қалыпты мөлшері?
а) 4,9-10,1 мкмоль/л;
б) 3,9-5,7 мкмоль/л;
в) 6,8-12,8 мкмоль/л;
г) 7,8-14,8 мкмоль/л.
10. Қан сарысуындағы темірдің қалыпты деңгейі қандай?
а) 7,8-25,6 мкмоль/л;
б) 11,5-28,5 мкмоль/л;
в) 12,5-30,4 мкмоль/л.
Есеп №1
Науқас К., 19 жаста клиникаға жалпы әлсіздік, жоғары шаршағыштық, құлақтағышуыл, физикалық күштен кейінгі жүректің қағуы мен ентігу, жүрек аймағының сыздап ауруы, ауыз иектері бұрыштарының жарылуы, тәбеттің төмендеуі мен бұрмалануына (саз-балшық жегісі келуі) шағымданып келді.
Анамнезінде бір жыл алдын асқазан жара ауруы бойынша асқазанға резекция жасау операциясын бастан кешкені белгілі болды.
Объективті: науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық деңгейінде. Тері жабындарының құрғауы мен қабыршақтануы, тырнақтары сынғыш. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Жүрек ұшында әлсіз систолалық шу естіледі. АҚ 90/60 мм с.б.б. Пульсі 82 рет 1 минутта. Тілі тегіс, бүртіктері жойылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.
Сұрақтары:
1. Болжам диагноз қойыңыз.
2. Емдеу жоспарын құрыңыз.
№1 есепке қосымша тексеру нәтижелері
ЖҚА: HB 74 г/л; Эр 2,8х10*12/л; ТК 0,8; лейкоциттер 5,6x10*9/л; т/ядролық 2%; с/ядролық 54 %; эозинофилдер 5%; базофилдер 6%; моноциттер 3%; лимфоциттер 30%; тромбоциттер 220x10*9/л;
Есеп №2
40 жастағы науқас 2 ай бұрын жіті респираторлы ауруды өткергеннен кейін жалпы әлсіздік, қызба байқалады. Қарағанда – тері жабындылары бозарған, дене және аяқ терілерінде – аздаған петехиалды дақты геморрагиялық бөртпелер, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз, өлшемі 2x1 см, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.
1. Болжам диагноз қойыңыз.
2. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.
№2 есепке қосымша тексеру нәтижелері
1.ЖҚА: НВ 100 г/л; Эр З,0х10*12/л; ТК 1,0; лейкоциттер 3,5x10*9/л; лейкоцитарлы формула:
бластты жасушалар - 32%, нейтрофилді миелоциттер – 0,5%; метамиелоциттер – 0,5%; т/яд. 3%; с/яд. 35%; эозинофилдер 1%; лимфоциттер 20%; моноциттер 8%; тромбоциттер 55х10*9/л; ЭТЖ 20 мм/сағ.
Достарыңызбен бөлісу: |