Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»



бет259/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz

Тапсыру мерзімі: 13-апта

  • Әдебиет:

  • Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

    Сұрақтар:
    1. Сүйек кемігінде біріншілік орналасқан қан түзу жүйесінің ісігі қалай аталады?
    2. Жіті лейкозға анықтама беріңіз.
    3. Жалпы қарағанда науқастың жалпы жағдайы қалай бағаланады?
    Тесттер:
    1. Шеткері қанның қанның қандай көрсеткіші жіті лейкозға тән?

    1. лейкоцитоз (лейкопения) бластемиямен, айқын анемиямен, тромбоцитопениямен қосарланған

    2. орташа анемия, тромбоцитоз, лейкоцитоз солға ығысуымен

    3. орташа анемия және тромбоцитопения, лейкоцитоз айқын лимфоцитозымен

    4. эритроцитоз, тромбоцитоз, лейкоцитоз нейтрофилезімен

    5. эритроциттер мен тромбоциттердің қалыпты деңгейі, лейкопения

    2. ЭТЖ 80-90 мм/сағ болуы ... тән.

    1. миеломды ауруға

    2. жіті пневмонияға

    3. жіті бруцеллезге

    4. созылмалы лимфолейкозға

    5. жіті лейкозға

    3. Шеткері қандағы жіті лейкозға тән белгі:

    1. бластты жасушалардың болуы

    2. лимфоцитоз

    3. қалыпты ЭТЖ

    4. гипертромбоцитоз

    5. эозинофилия

    4. Жіті лейкоздағы лейкограмма ерекшелігі қандай?

    1. лейкемиялық көріністің болуы

    2. эозинофилия

    3. базофилия

    4. лимфоцитоз

    5. моноцитоз

    5. Жіті лейкоздағы шеткері қан қалай сипатталады?

    1. анемия, тромбоцитопения, бластты жасушалардың болуы

    2. эозинофилия

    3. базофилия

    4. лимфоцитоз

    5. моноцитоз

    6. Созылмалы миелолейкоздың шеткері қан көрсеткіштерінің қай нұсқасы тән?

    1. Миелоидты қатардағы барлық өтпелі түрлерінің көрінуімен гиперлейкоцитоз

    2. гранулоцитопениямен лейкопения

    3. лейкоцитоз, нейтрофилез

    4. лимфоцитозбен лейкоцитоз

    5. лейкопения, лимфоцитоз

    7. Аталған нұсқалардың қайсысы созылмалы лимфолейкозға тән?

    1. абсолютті лимфоцитозбен лейкоцитоз

    2. аздаған лимфоцитозбен лейкопения

    3. нейтрофилезбен лейкоцитоз

    4. аздаған лимфоцитозбен (40%) лейкоциттердің қалыпты деңгейі

    5. лимфопениямен лейкопения

    8. Аталған аурулардың қайсысына шеткері қанның мына көрінісі тән: бласттардың 60%-ға дейін құрамымен лейкоцитоз, айқын нормохромды анемия, тромбоцитопения?

    1. жіті лейкоз

    2. созылмалы миелолейкоз

    3. созылмалы лимфолейкоз

    4. лимфогранулематоз

    5. миеломды ауру

    9. Аталған белгілердің қайсысы гемолитикалық кризге тән?

    1. айқын ретикулоцитозбен нормохромды анемия

    2. анизоцитоз

    3. пойкилоцитоз

    4. макроцитоз

    5. гиперхромия

    10. Эритремияға шеткері қан көрсеткіштерінің қай нұсқасы тән?

    1. эритроцитоз, лейкоцитоз, тромбоцитоз

    2. анемия, тромбоцитопения, лейкоцитоз

    3. лейкоцитоз, эритроциттердің, тромбоциттердің қалыпты деңгейі

    4. лейкопения, анемия, тромбоцитоз

    5. анемия, тромбоцитопения, лейкопения

    Есеп №1
    Жіті лейкоздың ауруының кеңейген сатысындағы науқастың ауруының өршу сатысында дене температурасының көтерілуі, аздаған сарғаю, сол жақ қабырға астының ауырсынуы, көкбауыр көлемінің ұлғаюы байқалады. Зертханалық тексеруде: ретикулозбен өршімелі анемия, сарысуда тіке емес билирубин деңгейі жоғарылауы анықталды.
    1. Болжам диагноз қойыңыз.
    2. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.
    Есеп №2
    Аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдем көрсету көлігімен 35 жастағы әйел кісіні алып келді, науқастың шағымдары жалпы әлсіздік, бас айналу, жиі және көп көлемдегі мұрыннан тәулігіне 5-6 рет қан кетулер.
    Анамнезінде: соңғы 3 жыл бойы жиі мұрыннан қан кетулерді, тері астында кезеңді көгерулердің пайда болуын байқайды. Етеккірі көп көлемде және ұзақ уақыт келеді. Науқас өзін қанағаттанарлық сезінген сондықтан дәрігерге қаралмаған.
    Объективті: қарағанда: науқас бозарған, көкірек, аяқ терілерінде ірі петехиалды геморрагиялық бөртпелер және бірен-саран көлемді экхимоздар. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары аздап тұйықталған, дұрыс ырғақты. АҚ 90/60 мм с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының бойымен. Соққылау симптомы теріс екі жақтан. Капиллярлардың сынғыштығының сынамасы (жгут немесе шымшу симптомы) оң.
    Сұрақтары:
    1 . Болжам диагноз қойыңыз.
    2. Негізгі клиникалық синдромды белгілеңіз.
    3. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.
    №2 есепке қосымша тексеру нәтижелері
    1.ЖҚА НВ 100г/л; Эр 4,2х10*12/л; ТК 0,8; лейкоциттер 6,2x109/л; т/яд. 3%; с/яд 67%; эозинофилдер 2%; лимфоциттер 23%; тромбоциттер 10х10*9/л; моноциттер 5%; ЭТЖ 10 мм/сағ.
    2. Қан кету уақыты 8 мин (Дюке бойынша)
    3. Қанның ұю уақыты 15 мин (ЛИ, Уайт бойынша)
    4. Коагулограмма: протромбинді индекс 60%
    Протромбинді уақыт - 7 мин.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   303




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет