Клиникалық белгілеріне қарай аталған патологияның бар екендігін белгілеу.
Коронарлық жеткіліксіздігіне (стенокардия, инфаркт) тән белгілерді анықтау.
Артериалды гипертонияға тән белгілерді анықтау.
Жүрек жеткіліксіздігіне тән белгілерді анықтау.
Коронарлы жеткіліксіздікке алып келетін себептерді бекіту.
Артериалды гипертонияға алып келетін себептерді бекіту.
Жүрек жеткіліксіздігіне алып келетін себептерді бекіту.
Ішті қарау әдістемесі, беткейлік ориентациялық және терең сырғымалы пальпациясы, бауыр мен талақтың пальпациясы.
Шеменді анықтау.
Асқазан аурулары бар науқастардың шағымын дұрыс және кезеңді түрде анықтау.
Асқазан аурулары бар науқастардың шағымдарын нақтылап, негізгі және қосымшасын ажырату.
Ішек аурулары бар науқастардың шағымын дұрыс және кезеңді түрде анықтау.
Ішек аурулары бар науқастардың шағымдарын нақтылап, негізгі және қосымшасын ажырату.
Бауыры ауыратын науқастардың ауру тарихын дұрыс жинау.
Жалпы қарағанда бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастарға тән белгілерді анықтауды үйрену.
Бүйрекке пальпация жүргізе білу, бүйректердің түсу деңгейін анықтау.
Несеп анализдерінің (жалпы, Зимницкий, Нечипоренко бойынша) нәтижелерін талдау.
Эндокринді жүйе мүшелеріне тән аурулардың шағымдарын анықтауды үйрену.
Эндокринді жүйе мүшелеріне тән аурулардың симптомдарын жалпы қарау арқылы анықтауды үйрену.
Қалқанша безін пальпациялау әдістемесін игеру.
Жалпы қан, қақырық талдауының, бронхоскопиялық, рентгенологиялық әдістері, сыртқы тыныс қызметін - спирография, пикфлоуметрия арқылы анықтау мәліметтерін интерпретациялау.
Достарыңызбен бөлісу: |