Есеп №41
Науқас Т. 20 жаста, студентк қыз. Шағымдары құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, жалпы әлсіздік, субфебрильді температура. Өзін 2 күн көлемінде аурумын деп санайды, тұмауды өткергеннен кейін. Емделмеген. Жағдайы қанағаттанарлық. Ентігу жоқ. Тері жабындылары қалыпты түсте. Дауыс дірілі және бронхофония өзгеріссіз. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Аускультативті: қатты тыныс, ысқырықты және ызыңдаған құрғақ сырылдар.
Қандай ауру туралы айтылған?
Аурудың синдромдарын атаңыз?
Есеп №42
Науқас К. 50 жаста. 3 жыл көлемінде созылмалы обструктивті бронхитпен зардап шегеді. Шағымдары тәулігіне 100 мл-ге дейінгі үлкен көлемдегі иісті шырышты-қақырықты жөтел. Кейде қақырыққа қан араласады, кеуде қуысындағы ауырсыну, температура. Қарағанда: беті ісінген, цианоз, кеуде қуысы эмфизематозды формалы. Саусақ фалангалары барабан таяқшалары және тырнақтары сағат әйнегі тәрізді. Перкуторлы - перкуторлы дыбыс тұйықталған, қорапты дыбыс. Аускультативті: қатты тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар. R-тексеру: өкпе тінінің мөлдірлігі жоғарылаған, өкпе суреті күшейген.
Сіздің диагнозыңыз?
Бастапқы синдромдары?
Достарыңызбен бөлісу: |