Өмір тарихы Жиі салқындау, суық тиіп ауыру, ылғалды бөлмеде өмір сүру немесе жұмыс істеу.
Тексерудің физическалық әдістері І). Науқасты қарау: а. Жағдайының ауырлығын анықтау: қанағаттанарлық, орта ауырлықта, ауыр, өте ауыр, естүссіз.
б. Науқастың төсектегі қалпы: белсенді, пассивті (уремиялық комада), мәжбүрлік (паранефритте – науқас ауру жағында жамбас-сан және тізе буындарын бүгіп жатады), бүйрек ұстамасында мазасызданған.
в. Ісінулер – беті бозарған, ісінген, қабақтары ісінген және көз шелдері тарылған. Бүйрек ауруларындағы ісіну жүрек тектіге қарағанда ерекшеленеді:
• олар тез дамуы мүмкін «барлық дене бірден ісінеді», ал жүрек текті ісінулер баяу дамиды.
• жүректік ісінулер бірінші аяқтардан басталады, ал бүйректік беттен, қабақтардан басталады.
• бүйректік ісінулер жұмсақ және қозғалғыш, ісіну сұйықтығын бір жерден екінші жерге оңай ығыстырылады, ал жүректік ісінулер тығыздау және аз қозғалғыш келеді.
• жүректік ісінулер кезінде бауыр ұлғаяды, ал бүйректік ісінулерде бауыр ұлғаймауы мүмкін.
• бүйректік ісінулерде науқастар төмен жата алады және ентігу айқын болмауы мүмкін, ал жүректік ісінулерде науқас отыруға немесе басын басын жоғары қойып ұстауға міндетті, әйтпесе оны тұншығу мазалауы мүмкін. Бірақ көп жағдайларда бүйрек ауруларына жүрек-қантамыр жүйелерінің аурулары, бүйрек ісінулеріне жүрек жеткіліксіздігінің белгілері, соның ішінде жүректік ісінулер қосылуы мүмкін.
Бүйректік ісінулер байқалар алдында науқастар тез салмақ қоса бастайды, ол жасырын сұйықтықтардың – жасырын ісінудің болуынан болады. Ағзада көзге байқалмайтындай 5 л су жиналуы мүмкін. Бүйрек аурулары кезіндегі ісіну сұйықтығы тері асты май қабатында және т.б. тіндерде, қуыстарда серозды сұйық ретінде : плевра, ішастар, жүрек маңы қапшығы сияқты қуыстарда транссудаттар ретінде жинақталуы мүмкін. Аяқ-қолдың, бүкіл дененің ісінуі – анасарка деп аталады.
г. Науқастың терісінің түсі - бозарған, анемияның қосылуы салдарынан.
д. Теріде қышыну іздерінің болуы. Тілі құрғақ, ауыздан жағымсыз аммиак иісінің шығуы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысында кездеседі.
е. Паранефритте ауру бетіндегі бел тұсының домбығуы. Несеп-жыныс жүйелерін тексергенде бірінші бел тұсын қарайды, кейін бүйректерді терең пальпациялайды, бүйрек аймағын соққылап, бүйрек артерияларын тыңдайды. Одан кейін ерлерде қуық пен сыртқы жыныс мүшелерін тексереді.
Бүйректер құрсақ қуысының артында 11-12 кеуде және 1-2 бел омыртқа деңгейінде орналасады.